Тоқаев «Самұрық-Қазына» қоры жанындағы Назарбаев төрағалық ететін кеңесті таратып жіберді

Жарияланды
Тоқаев Назарбаев төрағалық етуге тиіс кеңесті таратып жіберді / Самұрық-Қазына

16 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқаты қоры жанындағы басқару кеңесін таратып жіберді.

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңында 6-1-бап («Қорды басқару жөніндегі кеңес») алынып тасталсын», – делінген Тоқаев қол қойған құжатта. 

Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорын басқару кеңесі 2010 жылы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен құрылған. Жарлыққа сай, кеңес құрамына премьер-министр, президент әкімшілігінің басшысы, ұлттық банк төрағасы, қаржы министрі, сауда министрі, индустрия министрі және «Самұрық-Қазына» төрағасы кіруі қажет болған. Кеңесті тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев басқарып келген.

Қорды басқару жөніндегі кеңес – міндетіне Қор қызметінің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу кіретін консультативтік-кеңесші орган.

Осыған дейін «Самұрық-Қазына» жалғыз акционері Үкімет атынан мемлекеттік холдингтің тәуелсіз директорларын дербес тағайындайтынын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз