Binance цифрлық теңгеге байланған стейблкоин шығарды

Жарияланды
Binance цифрлық теңгемен қамтылған стейблкоин шығарды / Binance

Әлемдегі ең ірі криптобиржа Binance кеше іске қосылған цифрлық теңгеге байланған стейблкоинді тест режимінде іске қосқанын хабарлады.

Жаңа стейблкоинның курсы – цифрлық теңгемен 1:1. Binance ақпаратына сүйенсек, инвесторлар аудиторларсыз-ақ стейблкоинның құны цифрлық теңге құнымен тең екенін көре алады. 

«Стейблкоинді қолданудың басты артықшылығы – ашықтық пен айқындылық. Осы стейблкоин моделін шығарудың басты мақсаты цифрлық теңгені пайдаланатын адамдардың тәуекелін едәуір төмендетіп, нақты уақыт режимінде «Қамтамасыз ету дәлелі» сервисін пайдаланып, ашықтық принципіне жұмыс істеу болып отыр», – делінген хабарламада.

Пилоттық жоба шеңберінде криптобиржа цифрлық теңгемен қамтылған стейблкоиндерді шығарудың тәуекелдерін зерттеп, екі тараптың рөлі мен жауапкершілігін айқындауға ниетті. Ұлттық банк осы зерттеу нәтижелерімен әртүрлі платформалардың үйлесімділігін тестілеуге пайдаланады.

15 қараша, Қаржыгерлер күнінде Қазақстан Ұлттық банкі цифрлық теңгені қолданысқа енгізді. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлерінің XI Конгресінде ҰБ төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Сондай-ақ конгрес барысында цифрлық теңгемен алғашқы бөлшек транзакция жасалып, оған бір шыны аяқ кофе сатып алынды.

Цифрлық теңгені «Еуразиялық банк», «Халық банкі», «Банк центр кредит» және Altyn bank қосымшалар арқылы қолдануға, қолма-қол ақшаға әлемнің кез-келген нүктесінде аударуға болады. 

Сондай-ақ оқыңыз