Алматы облысында жаңа Алатау қаласы пайда болады

Жарияланды (жаңартылды )
Қазақстанда жаңа Алатау қаласы пайда болады / Фото: kursiv.media

Қазақстанда жаңа қала пайда болады. «Ашық НҚА» порталына Алатау қаласын құру туралы қаулы талқылауға шығарылды.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, жаңа қала Алматы облысында пайда болады.

«Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын. Алматы облысында құрылған жаңа қалаға «Алатау» атауы берілсін. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын»,- делінген президенттің қарауына жіберілетін құжатта.

Үкімет қаулысы 29 қарашаға дейін талқылауда болып, президенттің қарауына жіберілмек. Жарлыққа президент қол қойып, алғаш ресми жариялаған соң, қолданысқа енгізіледі.

Мамырда Үкімет Алматы қаласының Бас жоспарын бекітті. Бас жоспарды әзірлеген сарапшылардың болжамы бойынша 2030 жылға қарай Алматы халқының саны 2,5 миллионға, ал 2040 жылға қарай 3 миллионға, 2050 жылы 3,6 миллионға жетеді. Қала агломерациясы да қарқынды жүреді.

Қала өсіп, Қонаев қаласы да Алматы агломерациясының инновациялық-индустриялық белдеуіне және азық-түлік белдеуіне айналады деп жоспарлануда. 9 тамыз күні Қонаев қаласының да Бас жоспары бектіліп, күшіне енді. Бас жоспарға сәйкес Қонаев қаласы Алматы облысының заманауи көпфункционалды әкімшілік, қаржы және мәдениет орталығына, өнеркәсіптік-инновациялық орталыққа айналады.

Сондай-ақ оқыңыз