«ҚазАвтоЖол» мамандары қолайсыз ауа-райына байланысты шектеулерді алып тастап, Республикалық маңызы бар автожолдарда қауіпсіз жүруді қамтамасыз етті, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі.
Компания атап өткендей, өткен түнде мамандар 500 м3 құм-тұз қоспасын пайдаланды.
Қостанай облысында жолшы мамандар 30 жүк көлік жүргізушісіне және 4 жеңіл көлік жүргізушісіне көмек көрсетті. Ал СҚО аумағында мамандар арнайы техниканың көмегімен қар құрсауынан 3 көлікті шығарды.