Ақтау қаласы білім бөлімінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласында заңсыз баюдың жемқорлық схемасын ашып, Ақтау қаласы білім бөлімінің басшысы ұсталған.

Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген жедел-тергеу іс-шаралардың нәтижесі бойынша, ол аз қамтылған отбасылардан шыққан отбасыларға тамақтандыру қызметтерін көрсетуге жасалған шарттар шеңберінде орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны, ақша қаражатын аудару және жалпы қамқорлығы үшін пара алу фактісі бойынша күдікке ілінген.

Соттың санкциясымен күдікті қамауда ұсталады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыз