Жүк ағымы артқан: ҰҚК қазақ-қырғыз шекарасындағы кептеліс себебін түсіндірді

Жарияланды
Шығарушы редактор
Фото: kursiv.media

Қырғыз-қазақ шекарасындағы «Ақ-тілек» (Қырғыз Республикасы) – «Қарасу» (Қазақстан Республикасы) өткізу пунктінде жүк көліктерінің кептелісіне жүк ағымының артуы себеп болған. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметі хабарлады.

«Оған жеміс-көкөніс өнімдерін тасымалдау және жалпы Қазақстан арқылы транзипен өтетін маусымды жүк ағымының артуы себеп», -делінген хабарламада.

Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінің өткізу мүмкіндігі тәуілігіне 300 көлік құралын құрайтынын атап өткен.

Қалыптасқан жағдайға байланыс Қырғыз Республикасының МҰҚК Шекара қызметімен тығыз өзара әрекеттестік ұйымдастырылған.

Бүгін Қазақ-қырғыз шекарасында тағы да 500 жүк көлігі тұрып қалғаны мәлім болды. Қырғызстанның шекара қызметі көлік кептелісіне Қырғызстаннан ауыл шаруашылығы өнімдері мен халық тұтынатын тауарлар экспортының артуы себеп болғанын түсіндірді.

Тамыз айында осы бекетте 400-ден астам көлік кептелісте қалған. Кезек тосып тұрған жүк көліктерінің жүргізушілері бұл кептелістің себебін су дауымен байланыстырған еді.

Сондай-ақ оқыңыз