«Қазпошта», ХҚКО, «Қазақтелеком» бөлімшелері терроризмге қарсы қорғаныс жүйелерімен жабдықталады

Жарияланды (жаңартылды )
Шығарушы редактор

Фото: shutterstock.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарайтын нысандарда терроризмге қарсы жүйелер орнатылмақ. «Ашық НҚА» порталында ЦДИАӨМ-нің терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығы жарияланған.

Бұл нұсқаулық «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабы, 1-тармағын орындау мақсатында әзірленген.

Министрлікке «Қазпошта» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, Халыққа қызмет көрсетудің мамандандырылған орталықтары, ғарыш аппараттарын басқару кешендерінің объектілері және аэроғарыш өнеркәсібі мен оның ведомстволарының байланыс мониторингі жүйелері қарайды.

Құжатқа сәйкес, осы мекемелерде байланыс жүйесі, бақылау-өткізу пункті, бейнебақылау жүйесі, жарықтандыру жүйесі, кіруді бақылау және басқару жүйесі, таранға қарсы құрылғылар (бөгеттер) орнатылмақ.

Мекемеге келген кісілердің жеке куәлігі, қөліктің құжаты, мүлік әкеліп-әкетуге рұқсат қағазы тексеріледі. Келген көліктің іші мен сыртын қарап, тексеруіне рұсат беріледі. Күзетілетін аумақты көзбен шолып және бөгде адамдар мен белгісіз заттар анықталса, қоршалады.

Егер күзетілетін аумаққа заңсыз жолмен кірген адам болса, мән-жай анықталғанға дейін ұсталып және құқық қорғау органдарының қызметкерлері шақырылатын болады.

«Өткізу режимін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік күзетуге жатпайтын Министрлік объектілерінің басшылығы күзетуге «Күзет қызметтерінің барлық түрлері, оның ішінде террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету» лицензиясы бар жеке күзет ұйымдарымен, заңнама талаптарын сақтай отырып мемлекеттік сатып алу туралы күзет қызметтерін көрсету туралы шартын жасасады», – делінген нұсқаулықта.

Жаңалықтарды телеграм каналымыздан оқыңыздар -->

Сондай-ақ оқыңыз