Алматылық бизнес өкілдері міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге қарсы

Жарияланды
Алматылық бизнес міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге қарсы / kursiv.media

Алматылық бизнес өкілдері жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасын төлеуіне қарсы. Бұл туралы Алматыда өткен Respublika партиясының бизнес өкілдерімен кездесуі кезінде айтылды.

Кездесу кезінде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Алматы қалалық кеңесінің төрағасы Юрий Тілеумұратов 2024 жылдың қаңтарынан бастап міндетті зейнетақы жарналарын төлеу туралы жобадан бас тартуды ұсынды. 2028 жылға дейін жарна мөлшері 5% өсуі керек. Оның сөзінше, бұл жағдай көлеңкелі бизнесті дамытып, бейресми табыс табуға және болашақта зейнет жарнасының азайып кетуіне алып келеді.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жұмыс берушілер 1975 жылдың 1 қаңтарынан кейін дүниеге келген қызметкерлер үшін міндетті зейнетақы жарнасын өтеуге міндетті. 2024жылы міндетті жарна 1,5% болса, 2025 жылға дейін 5% өсуі қажет. Юрий Тілеумұратовтың айтуынша, зейнетақы жарнасы – жеке тұлғаға салынатын салық, ал жұмыс беруші тек салық агенті қызметін атқарады. Ал егер міндетті жарна енгізілсе, бұл кәсіпкерге артылатын жүк болады. Ол қазірдің өзінде бизнес табысының 36%-ын салық пен еңбек қорына жіберетінін айтады.

«2001 жылдан бері заңда жағымды өзгеріс жоқ. Өзім өзгерісті көріп тұрғаным жоқ. Еңбек қорына жүк арта береміз. Бұл жарна жеке қызметкерге емес, БЖЗҚ-ға түсетін болады. Мәселені бұлай шешу көлеңкелі экономикаға алып келеді. Қазірдің өзінде жалақыны конвертпен берген ыңғайлы. Еңбекақы төлеу қорына аударылатын ақшаны 20%-ға дейін қысқарту керек»,– деді Тілеумұратов.

Ол бұл жағдайдың әсерінен, біріншіден, салықтың дұрыс төленбеуінен бюджетке бөлінетін қаржыны азайту керек болады. Екінші жағынан, болашақта қазақстандықтардың зейнетақы жинағы болмайды.

Respublica партиясының тең төрағасы Максим Барышев міндетті зейнетақы жарнасының кәсіпкерлер төлейтін 7 төлем түрі екенін айтты. Оның айтуынша, қазірдің өзінде кәсіпкерлер 75 түрлі салық пен төлем түрлерін өтейді.

«Тоқаев үкіметтен бұл жарнаға қатысты түсініктеме беруді сұрады. Әзірге түсініктеме берілген жоқ. Бар болғаны бюджетке зейнетақы жинағын төлеуге қаржы жетпей жатқаны айтылды. 5% — бұл тым көп, қазір жалақының үштен бір бөлігі бюджет және бюджеттік емес қорларға беріледі. Кәсіпкерлерге табыстың үштен бірін бюджетке бергеннен гөрі ақшаны конвертпен берген ыңғайлы. Бұл жоба кәсіпкерлерді көлеңкелі бизнеске кетуге мәжбүрлейді»,–  деді Барышев.

Осыған дейін жаңа Салық кодексі талқыланған Мәжілістің 18 қазан күнгі отырысында депутаттар БЖЗҚ-ның инвестициялық кірісі мен зейнетақы жинақтарының өзін жеке табыс салығынан босатуды ұсынған

Сондай-ақ оқыңыз