«ҚазМұнайГаз» Доңға кен орнының 60 пайыз акциясын сатып алды

Жарияланды
Шығарушы редактор
ҚМГ
Доңға кен орны 60 пайыз акциясына ҚМГ иелік етеді Фото: ҚМГ

«ҚазМұнайГаз» АҚ Маңғыстаудағы «Доңға» кен орны жобасын игеріп жатқан Total E&P Dunga GmbH компаниясының жарғылық капиталындағы 100% акциясын сатып алғанын хабарлады. Нәтижесінде ҚМГ Доңға жер қойнауын пайдалану жобасының 60 пайыз үлесіне иелік ететін болды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «TotalEnergies EP Danmark A/S» компаниясынан (TotalEnergies еншілес ұйымы) «Total E&P Dunga GmbH» жарғылық капиталындағы 100% акциясын сатып алғаны жөнінде хабарлайды. Осылайша, ҚМГ «Total E&P Dunga GmbH» компаниясы арқылы «Доңға» жер қойнауын пайдалану жобасында 60 пайыз үлесіне иелік етеді. Аталған мәміле бұған дейін ҚМГ мен «TotalEnergies EP Danmark A/S» арасында қабылданған сатып алу-сату келісімшартының аясында жасалды,» – делінген хабарламада.

Қос тарап та «мәміленің аяқталуы екі компания арасында орнаған жемісті ынтымақтастықтың айқын дәлелі екенін» атап өткен.

«Доңға» мұнай-газ кен орны Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында орналасқан. Кен орын 1966 жылы ашылған. «Доңға» жобасы өнімді бөлу туралы шарт аясында іске асырылып жатыр. Шарттың қазіргі қатысушылары — «Total E&P Dunga GmbH» (60%), «Oman Oil Company Limited» (20%) және «PTT Exploration and Production» (20%).

TotalEnergies – мұнай және биоотын, табиғи газ бен жасыл газ, жаңартылатын энергия және электр энергиясын өндіретін, сататын жаһандық мультиэнергетикалық компания. TotalEnergies 100 000-нан астам қызметкерлері мүмкіндігінше көптеген жандарға энергияның қаржылық жағынан қолжетімді болуы жолында қызмет атқарып жатыр.

2021 жылы Total компаниясы аталмыш кен орнын игерудің үшінші кезеңін іске асыруға 70 млрд теңге инвестициялайтыны хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз