Binance басшысы Чанпэн Чжао отставкаға кетуге келісім берді

Жарияланды
Binance басшысы Чанпэн Чжао отставкаға кетуге келісім берді / REUTERS/Dado Ruvic/Illustration/File Photo

Әлемдегі ірі критовалюта биржасы Binance басшысы Чанпэн Чжао АҚШта басталған тергеу жұмыстарынан кейін өз кінәсін мойындауға дайын екенін айтып, қызметтен кетті.

The Wall Street Journal мәліметіне сүйенсек, Чанпэн Чжао АҚШтың Сиэтл қаласы сотына барып, куәгерлік етеді. Ал ол негізін қалаған Binance ақшаны жылыстату (заңсыз ақшаны заңды айналымға шығару) бойынша заңды бұзғаны туралы кінәсін мойындап, 4,3 млрд доллар айыппұл төлеуге дайын. Бұл келісім криптобиржаға қатысты тергеуді ұзақ мерзімді тергеуді тоқтатуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Чжао 2017 криптобиржа компаниясын құрып, оның әлемдегі маңызды нарықтың біріне айналдырған. Тергеу жұмыстары компания жұмысына кедергі келтіріп, оған деген сенімді әлсіреткен. Сот ісіне байланысты Binance басшылығындағы бірнеше адам қызметтен кетіп, компания қызметкерлерінің бір бөлігін жұмыстан шығарған.

Чжаоның келісімі оны компаниядағы лауазымды қызметінен айырғанымен ол Binance негізгі акционері болып қала береді.

The Wall Street Journal АҚШтың Әділет министрлігінен сот ісіне қатысты ақпарат сұраған. Министрлік іске қатысты пікір білдіруден бас тартқан.

Осыған дейін министрлік Binance санкцияға ілінген Иран мен Ресей азаматтарына американдық биржаға сол ашып отыр деген күдікпен тергеу жұмыстарын бастаған. Алайда Binance компаниясы Ресей нарығына біржола кеткенін хабарлаған.

Айта кетейік, Binance криптобиржасы цифрлық теңгеге байланған стейблкоинді тест режимінде іске қосқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз