Жаңалықтар

«ҚазМұнайГаз» еншілес компаниясы директорының орынбасары пара алғаны үшін ұсталды

«ҚазМұнайГаз» еншілес компаниясы директорының орынбасары пара алғаны үшін ұсталды / shutterstock

«ҚазМұнайГаз» АҚ еншілес компаниясы Oil Construction Company бас директорының орынбасары пара алды деген күдікпен қамауға алынды.

Сыбайлас жемқорлық қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукеновтің айтуынша, лауазымды тұлға бизнес өкілдерінен бірнеше рет пара алған. Ол Маңғыстау облысы Кендірлі демалыс аумағы Тоқмақ елдімекенінде теңіз суын тұщыландыру зауытын салуға бөлінетін қаражатты кедергісіз жіберу үшін пара алған.

«Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі тексерілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде Oil Construction Company ЖШС Бас директорының орынбасарын бизнес өкілдерінен бірнеше рет пара алу фактісі бойынша әшкереледі», — деді Тілеукенов.

Сот санкциясынан кейін күдікті қамауға алынған. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, 2 маусым күні Қаржы мониторингі агенттігі 46 млн залал келтірді деген күдікпен «ҚазМұнайГаз» АҚ еншілес компаниясы «ӨзенМұнайГаз» бас директорының орынбасары ұсталғанын мәлімдеді