БЖЗҚ қаражаты инвестициялық жобаларға тартылуы мүмкін – «Бәйтерек» холдингі

Жарияланды
БЖЗҚ қаражаты
ЕНПФ
БЖЗҚ қаражаты генерациялау қуатын жаңғыртуға жұмсалуы мүмкін / Фото: kursiv.media

Осыған дейін БАҚ-та 1,5 трлн теңге БЖЗҚ қаражаты инфрақұрылым жобаларына салынуы мүмкін деген ақпарат тарады. Бұл ақпаратқа қатысты «Бәйтерек» холдингі түсініктеме беріп, шешім қабылданса, инвестициялық жобаларға қор қаражаты тартылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ инвестициялық жобаларды одан әрі іске асыру үшін түрлі қаржыландыру жолын қарастырып жатыр. Бұл мақсатқа «БЖЗҚ» АҚ қаражаты да тартылуы мүмкін. Қазір осы мәселе күн тәртібіне шықты. Тек облигациялар шығару бойынша нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Егер ұсыныс мақұлданса, БЖЗҚ қаражаты нарық шарттары негізінде тартылатын болады»,- делінген хабарламада.

«Бәйтерек» холдингінің Энергетика министрлігіне жолдаған құжатында бұл қаражаттың бірінші кезекте генерациялау қуатына жұмсалатыны айтылған. Қазақстан ESG стандарттарына көшуі үшін көмірден бас тартуы тиіс. Ал ол үшін экологиялық таза генерациялау қуатын өндіретін газ, су, жел және күн электр станцияларының ескісін жаңғыртып, жаңасын салу керек.

Сонымен бірге ол құжатта жазылған жобалар қатарында газға көшірілетін Алматы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3, Ақтөбе облысындағы жел электр станциясы, Қарағанды ​​облысындағы Балқаш көліндегі күн электр станциясы, Ақмола облысындағы ЖЭО бар.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бұл мәселеге қатысты пікір білдіріп,  БЖЗҚ активтерін энергетика саласындағы жобаларға салуды – «ең сенімді инвестицияға» балады. Ол мұндай шешім қабылданса, қаржы сенімді жобаларға салынатынын айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз