3 жыл ішінде құны 530 млрд теңге болатын стресті актив айналымға шыққан

Жарияланды
3 жыл ішінде құны 530 млрд теңге болатын стресті актив айналымға шыққан / kursiv.media

2020 жылдан бері құны 530 млрд теңге болатын стресті актив айналымға шыққан. Бұл туралы Сенаттағы отырыста Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін төрағасы Мадина Әбілқасымова айтты.

Сенат депутат Нұрлан Бекенов агенттік төрағасы Мадина Әбілқасымоваға банктердің стресті активтерінің соммасы 2,3 трлн теңге екенін айтып, осы стресті активтердің айналымға шығу туралы сұрақ қойды.

«2020 жылдан бастап банктердің стресті активтерінің деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Үш жыл ішінде жоспардың 60% орындалды. Экономикалық айналымға шамамен 530 млрд теңге Стресті активтер енгізілді», – деді Әбілқасымова.

Оның айтуынша, бұл активтердің тең жартысы коммерциялық-өндірістік объектілер, үштен бір бөлігі – тұрғын үй, тағы бір бөлігі – жер телімдері.

Қазіргі уақытта банктердің стресті активтерінің деңгейі 2,6 трлн теңгеге бағаланған. Оның ішінде 1 трлн теңге – жеке тұлғалардың кредиттері. Ал 1,6 трлн банктердің балансындағы өндіріп алынған мүлік.

Осыған дейін реттеуші органдар есептерін негізге ала отырып, қазақстандық банктердің активтерін есептеп шыққан едік.

Ұлттық банк сарапшылары отандық валюта нарығына айырықша теріс әсер еткен факторларға баға берген.

Сондай-ақ оқыңыз