Қазақстанның орташа статистикалық тұрғыны банктерге қанша қарыз

Жарияланды

Қазақстандықтардың банк алдындағы берешегі қанша/freepik

«Курсив» Қазақстанның орташа статистикалық қазақстандықтың банктерге қанша қарыз екенін және бұл сома жан басына шаққандағы банк шотының көлеміне қаншалықты қатысы барын есептеді.

Ұлттық банк мәліметтерінен соңғы жылы (2022 жылдың қыркүйегіне қарағанда 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай) Қазақстанда заңды тұлғалардың қарыз портфеліне (+10,1%) қарағанда, жеке тұлғаларға банктен кредит беру үш есе жылдам (+30,9%) өскенін көруге болады. Бизнестің кредитке деген «тәбетіне» мөлшерлеменің жоғары болуы әсер етіп тұрса, ал кредит алу қарқынына қарап азаматтардың сұранысына пайыздың жоғары болғаны еш әсер етпегенін көреміз.

Өңірлер бойынша халыққа, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерді қоса алғанда берілген қарыз көлемі 24,1%-дан (Солтүстік Қазақстан облысы)  40,8%-ға (Түркістан облысы) дейін артқан. Бөлшек кредит портфелінің ең көп өсуі – Алматы (+1 трлн теңге) мен Астана (+650 млрд) қалаларында.

«Курсив» есебі бойынша, 2023 жылдың 1 қыркүйегінде орташа статистикалық қазақстандық (кез келген жастағы) банктерге 768 мың теңге қарыз болған. Өткен жылы бұл сома 26,8%-ға немесе 162 теңгеге өскен.

Қазақстанның орташа есеппен алғандағы бір тұрғынының нақты борыштық жүктемесі банктік емес ұйымдардан алған қарыздарының болуынан жоғарыда көрсетілген сомадан жоғары. Ал егер елдегі халық санынан қаржы институттарының алдында қарызы жоқ азаматтарды алып тастайтын болсақ, онда бұл сома айтарлықтай жоғары.

Мысалы, Бірінші кредиттік бюро (БКБ) мәліметі бойынша, 2023 жылдың 1 қазанында 8,5 млн қазақстандықтың банкте қарызы мен микрокредиті (баланс ретінде есептен шығарылғандарын қоса алғанда) болған және тап осы адамдардың орташа төленбеген қарызы (негізгі қарыз және пайызы) бір адамға 2,17 млн теңгеден келген.

Қарыз ресурстарын екі ірі қала тұрғындары белсенді алады: «Курсив» есебі бойынша, Алматыдағы бөлшектік банк кредитінің орташа мөлшері 1,97 млн теңгені, ал Астанада жан басына шаққанда 1,82 млн теңгені құраған. Бұл ел бойынша көрсеткіштен 2,5 есе артық. Бұдан әрі рейтингте Шымкент (бір адамға шаққандағы қарыщз 886 мың теңге) пен Қарағанды, Ұлытау облыстары (820 мың теңге). Қалған өңірдің тұрғындары банктерге ел бойынша деңгейден аз қарыз. Олардың ішінде кредиттің аз үлесі Түркістан облысына (188 мың теңге), ал ең көбі Атырау облысына (761 мың теңге) тиесілі. Соңғы жылы қатысты мәнде орташа кредиттің мөлшері 18,9%-дан (Алматы және Жетісу облыстары) 36,6%-ға дейінгі (Түркістан облысы) аралықта өскен.  

БКБ сарапшыларының пікірінше, Қазақстан халқының шамадан тыс несие алуы және бөлшектік кредит беру сегментіндегі тәуекелдер қаншалықты жоғары деген қоғам назарын аударып отырған пікірталаста жеке тұлғалардың жиынтық несиесі қарыз мөлшері тұрғысынан алғанда қарыз алушылар арасында бірдей бөлінбей отырғанын ескеру керек. Мысалы, кепілсіз тұтынушылық несиесі бар 7,6 млн қазақстандықтың, жартысының орташа қарызы 215 мың теңге ғана. Ал осындай қарыз алушылардың 90%-ы үшін (6,9 млн адам) төленбеген қарызының орташа мөлшері 686 мың теңге дейін өседі. Есесіне қалған қарыз алушылардың 10%-ы банктерге орташа есеппен әр қайсысы 5,5 млн теңге қарыз.

БКБ бұл есептеу қарыздың тек бір түріне үшін жасалғанын айтып отыр. Тап осы адамдардың басқа да қарыздары (ипотека, автокредит, кепілді қарыз, микрокредит) болуы мүмкін. Бөлшектік несие портфелінің ЖІӨ-дегі үлесі сияқты макроэкономикалық көрсеткішке келетін болсақ, онда Корея (105%) және Австралия (112%) сияқты экономикалары дамыған елдерді айтпағанда, Қазақстанда ол 14%-ға тең (2022 жылға арналған ХВҚ деректері), бұл Түркия (11%) мен Румынияға (12%) қарағанда сәл жоғары, бірақ Мексика (17%) және Ресей (21%) мен Польшадан (27%) айтарлықтай төмен.

«Курсив» қазақстандықтың орташа банк салымының орташа несиеге қатынасы сияқты көрсеткішті қосымша есептеп көрді. Коэффицент бірден үлкен болса, онда жинақ қарыздан асып түседі, ал аз болса, керісінше. Жалпы Қазақстан Республикасы үшін бұл мән 1,07 болды. Ең жоғары көрсеткіш Алматы (1,77), Солтүстік Қазақстан (1,58) және Қостанай облысында (1,48) байқалады. 11 аймақ бірден төмен нәтиже көрсетті. Ең нашар коэффициент мәні Түркістан облысында (0,35) тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыз