Ұлттық банк квазимемлекеттік сектордың ақшасын нотадан алып тастауға қарсы

Жарияланды
Ұлттық банк квазимемлекеттік сектордың ақшасын нотадан алып тастауға қарсы / Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық банкі депутаттардың квазимемлекеттік сектордың ақшасын Ұлттық банк ноталарына орналастырға тыйым салу туралы ұсынысын қолдамады.

«Ұлттық Банк, өз кезегінде, квазимемлекеттік сектордың ақшасын Ұлттық Банктің ноталарына орналастыруға тыйым салуды енгізу жөніндегі ұсынысты қолдамайды, себебі бұл еркін нарықтық қатынастар қағидатына қайшы келеді», – деп жауап берді Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов депутаттардың ресми сауалына

Оның айтуынша, Ұлттық банктің ноталары алғаш орналастырылғаннан кейін екінші айналымға еркін өтіп, барлық инвесторға қолжетімді болады.

Осыған дейін мәжіліс депутаттары Ұлттық банк төрағасына жолдаған хаттарында квазимемлекеттік секторға 1 трлн теңге бөлінгенін алға тартып, оларды Ұлттық банк ноталарына орналастыруға тыйым салуды ұсынған.

Алайда Ұлттық банк бұл тыйым нарықты еркіндіктен айырады деп түсіндіріп отыр.

Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық банк қазақан айындағы іскерлік белсенділікке оң баға берген.

Сонымен қатар, Ұлттық банк БЖЗҚ қаржысын банктердің ұзақ мерзімді облигацияларына салуға ниетті екенін жеткізген.

Сондай-ақ оқыңыз