Жаңалықтар

Смайылов энергетика саласына БЖЗҚ-дан алынатын қарыз қаражатының қорға қайтарылатынына кепілдік берді

Смайылов БЖЗҚ-дан алған қарызды қайтаруға кепілдік береді / primeminister.kz

Үкімет энергетика саласындағы жобаларды жүзеге асыру үшін БЖЗҚ-дан қарыз алуды жоспарлап отыр. Премьер-министр Әлихан Смайылов бұл қаражаттың қайтарылуына мемлекет кепілдік беретінін айтты.

«Егер Үкімет қарыз алса, оны кері қайтаруға кепілдік береді. Бұл үкіметтік қарыздар қатарына жатып, оны республикалық немесе квазимемлекеттік компаниялар есебінен қайтарады. Сондықтан бұл қаражат міндетті түрде қайтарылады», – деді Смайылов.

Смайыловтың айтуынша, зейнетақы қоры салымшылардың активтерін көбейту үшін оны инвестициялауы керек.

«Қазір Үкімет индустриализация, көлік, инфраструктура саласында ірі жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Оларға инвестиция тартудың әртүрлі жолдары қаралып жатыр. Оның ішінде зейнетақы қорынан қаржы алуда бар», – деп жауап берді премьер журналистің «БЖЗҚ-дан алынған 1,5 трлн теңге қай бағытта жұмсалады» деген сұрағына.

Осыған дейін БАҚ-та инфрақұрылым жобаларына БЖЗҚ-дан 1,5 трлн теңге алынады деген ақпарат тарады. Оған қатысты «Бәйтерек» холдингі түсініктеме берген.