ОПЕК+ отырысы кейінге шегерілетіні туралы хабардан соң, Brent маркалы мұнайы 4%-ға арзандады

Жарияланды
Brent маркалы мұнай
Международное энергетическое агентство прогнозирует снижение доходов России от продажи нефти и газа

ОПЕК+ отырысының кейінге шегерілуіне байланысты Brent маркалы мұнай бағасы 4%-ға төмендеп, баррелі 80 доллардан да түсіп кетті.

Bloomberg басылымы ОПЕК+ отырысының 25-26 қарашадан бейсенбіге, 30 қарашаға ауыстырылғаны туралы жазды. Кейінірек ОПЕК кездесудің 25-26 қарашадан бейсенбі, 30 қарашаға ауыстырылғанын растады. Бұл күні ОПЕК+ мониторинг комитетінің отырысы және ОПЕК және ОПЕК-ке кірмейтін елдер министрлерінің кездесуі өтеді. Басылымның хабарлауынша, Сауд Арабиясы басқа картель мүшелерінің өндірістік міндеттемелерін дұрыс орындамай жатқанына көңілі толмайды.

Бұл хабардан кейін Лондонның ICE биржасында қаңтарда жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 4,3%-ға төмендеп, барреліне 78,9 долларды құраған.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында қаңтарда жеткізілетін WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны 4,4%-ға арзандап, барреліне 74,36 долларға дейін түскен.

Мұның алдында, мұнай бағасы ОПЕК+ отырысы қарсаңында үш күн қатарынан көтерілген. Онда альянс мүшелерінің мұнай бағасын қолдау үшін жаңа шаралар қабылдайтыны хабарланған болатын. Сонымен бірге сарапшылар 30 қарашаға жоспарланған отырыста шектеулердің мерзімі ұзартылып, өндіріс көлемін одан әрі төмендету туралы келісімге келуі мүмкін. Сарапшылар бұл өз кезегінде мұнай бағасына оң әсер ететінін айтады.

«Мұнай нарығы қазір жақсы теңгерілген, артық ұсыныс немесе ұсыныс жеткіліксіздігі де жоқ. Сұраныс артқан. Мәселе – жеткізілім логистикасында», –– дейді Andurand Capital Management негізін қалаушы Пьер Андуранд.

Ал Goldman Sachs сарапшылары ОПЕК+ елдерінің келесі отырыста мұнай өндірісін одан әрі қысқарту туралы шешім қабылдау ықтималдығы шамамен 35% құрайды деп есептейді. Citigroup өндірістің одан әрі төмендеу ықтималдығын шамамен 20%-ға бағалап отыр.

Goldman Sachs сонымен бірге ОПЕК Brent маркалы мұнай бағасының барреліне 80-100 доллар аралығында сақталуын қамтамасыз етеді деп болжап отыр. Бұл орайда ОПЕК-ке кірмейтін елдердің жеткізілімдерді ұлғайтуға мүмкіндігі бар. Бірақ соған қарамастан, сарапшылар Brent бағасы барреліне 80 доллар шамасында қалатынын айтып отыр.

Венадағы соңғы кездесудің қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдері мұнай өндірудің жалпы деңгейін 2024 жылдан бастап тәулігіне 40,46 миллион баррельге дейін түзетуге келісті.

Қазақстан да мамыр айынан бастап мұнай өндіруді тәулігіне 78 мың баррельге дейін қысқартатынын хабарлаған.  Кейін Қазақстан 2024 жылға дейін мұнай өндірісі көлемін азайтуды жалғастыратынын мәлімдеді.

4 қазанда бейнеконференция форматында ОПЕК + бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 50-ші отырысында 2024 жылдың соңына дейін ұзартылған келісімнің маңыздылығы айтылды. 

Сондай-ақ оқыңыз