Көлік министрлігі Қытайдан және басқа да көрші елдерден JET A-1 маркалы авиаотын импортын әртараптандыру мәселесін пысықтап жатыр.
Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты.
Айта кетейік, осыған дейін отандық мұнай өңдеу зауыттары авиа отын қажеттілігін толық өтей алмағандықтан, Қазақстан жыл сайын Ресей Федерациясынан 300 мың тоннаға дейін отын импорттайтыны туралы айтылған.
Көлік министрлігінде бейінді мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен өткен кеңес барысында ел әуежайлары инфрақұрылымның JET A-1 пайдалануға дайын екені белгілі болды. Дәлірек айтқанда, 2024 жылдың маусым айына қарай Алматы әуежайы ASTM D1655 әлемдік стандарты бойынша шығарылатын авиаотынды пайдалануға толық көшуді жоспарлап отыр.
«Өз кезегінде PTC Holding компаниясы отандық темір жолдардың өткізу қабілеті ай сайын 50 мың тоннаға дейін JET A-1 авиаотынын тасымалдауға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.
Осыған дейін Air Astana және PetroChina International Kazakhstan стратегиялық әріптестік туралы меморандумға қол қойып, Jet a-1 авиациялық отынның халықаралық стандартына көшу жұмыстарын жүргізген.