Ұлттық банк ЖІӨ-ге қатысты 2024 жылға арналған болжамын 3,2-4,2% өзгертті

Жарияланды
Ұлттық банк ЖІӨ-ге қатысты 2024 жылға арналған болжамын 3,2-4,2% өзгертті / kursiv.media

Қазақстан Ұлттық банкі ЖІӨ өсіміне қатысты 2024 жылға арналған болжамын 3,2-4,2% төмендетті, осыған дейін өсім 4-5% жетеді деген болжам болған. 

Бұл шешімге ТШО-да өндірісті ұлғайту мерзімі 2024 жылдың соңына немесе 2025 жылдың басына ауысуы әсер еткен.

«Осының аясында төменірек база әсерінен 2025 жылға арналған болжам, сәйкесінше, 5,5-6,5%-ға дейін көтерілді.  Болжам тәуекелдерін күшейтетін негізгі әрі маңызды фактор – 2024-2025 жылдары мұнай өндіру параметрлеріне қатысты белгісіздік әсер етеді», – деді Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеменің төмендеуіне байланысты брифингте.

Айта кетейік, жұма, 24 қарашада Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 15,75%-ға дейін төмендеткен.

«Жылдық инфляция белсенді түрде баяулап келеді. Алдағы айларда оның көрсеткіші бір таңбалы мәнге жетеді деп күтіледі. Қазанда айлық инфляция орташа тарихи мәндерге дейін баяулады. Сыртқы инфляциялық қысым орталық банктердің қатаң саясаты мен әлемдік азық-түлік бағасының төмендеуі аясында бәсеңдеп келеді. Алайда назар аударуды қажет ететін жекелеген факторлар мен тәуекелдер бар. Ішкі экономикада фискалдық ынталандыру, орнықты ішкі сұраныс, жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулер тарапынан проинфляциялық қысым сақталып отыр», – деп түсіндірді Ұлттық банк өз шешімін.

Сондай-ақ оқыңыз