Жаңалықтар

Өзбекстан Сенаты Қазақстанмен одақтастық қатынас туралы шартты ратификациялады

Фото: Атамекен

Өзбекстан Мәжілісінің Сенаты Қазақстанмен одақтастық қатынас туралы шартты ратификациялайтын заңды мақұлдады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

 25 қарашада өткен кезекті жалпы отырыс шеңберінде «Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар жөніндегі шартты ратификациялау» туралы заң қаралды.

Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа дәуірі басталды.

Атап айтқанда, саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы байланыс қарқынды дамып келеді.

Мақұлданған шарт сыртқы саясат, қорғаныс және қауіпсіздік, көші-қон, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалану жөнінде бірлескен шаралар қабылдау, парламенттер, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған өзара іс-қимылдар кешенін қамтиды.

«Шартты ратификациялау екі халықтың рухани және мәдени жақындығын нығайтуға, мәдениет, ғылым, білім және спорт саласындағы өзара қарым-қатынастарды ілгерілетуге қызмет етеді», – делінген Сенаттың баспасөз қызметінде.