Бірнеше сағат бұрын gov.kz порталында орналасқан мемлекеттік органдардың ресми сайттары ашылмай қалған болатын. Қазіргі уақытта барлық мәселелер шешілді және gov.kz қазір қайтадан толық жұмыс істейді. Бұл туралы «ҰАТ» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы хабарлады.
«Біз әрқашан gov.kz платформасының пайдаланушыларын ыңғайлы сервиспен қамтамасыз етуге тырысамыз. Осыған байланысты біз оның өнімділігі мен функционалдығын жақсарту үшін үнемі жаңартулар жасаймыз. Алайда, бүгін соңғы жаңартумен байланысты қиыншылықтар туындап нәтижесінде gov.kz платформасы жұмыс істемеді.
Платформаны дереу қалпына келтіру үшін шұғыл шаралар қабылданды және енгізілген жаңартулар жойылды. Қазіргі уақытта барлық мәселелер шешілді және gov.kz қазір қайтадан толық жұмыс істейді.
Біздің команда мен әзірлеушілер gov.kz платформасы үздіксіз және ыңғайлы жұмыс істеу үшін жақсартуларды жалғастырады»-делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін gov.kz мекен-жайында орналасқан мемлекеттік органдардың бірыңғай платформасы жұмыс істемей қалды деп хабарладық.