gov.kz порталында орналасқан мемлекеттік органдардың ресми сайттары ашылмай қалды

Жарияланды
gov.kz
gov.kz құлап қалды / коллаж kursiv.media

gov.kz мекен-жайында орналасқан мемлекеттік органдардың бірыңғай платформасы жұмыс істемей қалды. Қазір, бұл мекен-жай бойынша ішкі серверлік 500 қатесін көрсетіп тұр. «Ұлттық ақпараттық технологиялық» АҚ өкілі де порталдың жұмыс істемей тұрғанын растады.

Бұл мекен-жайда барлық мемлекеттік мекемелердің ресми сайтымен қоса, ресми органдардан анықтамалық ақпараттары да орналастырылады.

Материал әзірленіп жатқан уақытта, президенттің ресми сайты жұмыс істеп тұрды. Ал, primeminister.kz мекен-жайындағы Үкімет басшысының ресми ақпараттық ресурсы баяу ашылып тұрды.

«Курсив» редакциясы мәселенің мән-жайын анықтау үшін «Ұлттық ақпараттық технологиялық» АҚ мекемесіне сұрау салды.

«Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы Gov.kz дұрыс жұмыс істемеуі байқалады. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада сайт қолжетімді болады. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», деп жауап берді аталған мекеменің Қоғаммен байланыс басқармасының басшысының міндетін атқарушы Әсия Ерлан.

.

Айта кету керек, egov.kz – Электронды үкімет порталы еш кедергісіз жұмыс істеп тұр.

Толықтыру. Дүйсенбі, 27 қараша күндізгі сағат 14.00 шамасында Мемлекеттік органдардың Gov.kz интернет – ресурстарының бірыңғай платформасының жұмысы қалпына келтірілгенін хабарлады, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ .

Еске саламыз, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелі және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ оқыңыз