Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге байланысты жиі қойылатын сауалдардың жауабы

Жарияланды

Алдағы үш жыл көлемінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға арнап 12 мың пәтер салынбақ. Жалпы алғанда, жастарға арналған жалға алу бағдарламасының өміршең болатыны байқалады. Осы орайда азаматтардың бағдарлама шарттарымен қатар, жоба төңірегіндегі өзекті сауалдардың жауабын да біліп жүргені абзал. Біз бүгін солардың ішіндегі ең маңыздыларын оқырман назарына ұсынбақпыз.

  • Ерлі-зайыптылардың екеуі де кем дегенде 34 жаста болуы керек пе, әлде тек өтініш беруші ме?
  • Тек өтініш берушінің жасы 35-ке толмаған болуы тиіс. Сонда ғана бағдарламаға қатыса алады.
  • Бағдарламаға декреттік демалыстағы үміткерлер қатыса ала ма?
  • Иә, соңғы 6 айда еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен 40 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) астам табыс болған жағдайда жолдасының/жұбайының табысы есепке алынбайды.
  • Жұмысқа орналасу ресми болуы керек пе?
  • Бағдарламаға ресми жұмыспен қамтылған жұмыс істейтін жастар немесе жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жастар қатыса алады.
  • Жоғары немесе орта арнаулы білімнің болуы міндетті ме?
  • Жоқ, 11 жылдық мектеп аттестатының болуы да жеткілікті.
  • Айына 138 000 теңге (40 АЕК) табыс қолға немесе жалақыға болуы тиіс?
  • Жалақы.
  • Зейнетақы аударымдары міндетті ме?
  • Иә. ІІМ қызметкерлері мен әскери қызметшілерден басқалар үшін бұл шарт міндетті. Алайда олар қатысу үшін тұрғын үй төлемдерін алмайтындығы туралы анықтаманы қоса тіркеулері тиіс.
  • 138 000 теңге сомасы ерлі-зайыптылардың жиынтық табысынан шығуы мүмкін бе?
  • Жоқ. Құжаттарды беретін үміткерде ай сайынғы табыс кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде болуы тиіс.
  • Ерлі-зайыптылар қатысуға құжаттарын жеке-жеке тапсыра ала ма?
  • Иә. Бұл ретте қатысушыларды бір отбасынан іріктеу кезінде екі үміткерге тұрғын үй берілмейтінін ескеру қажет.
  • Атаулы әлеуметтік көмек кірісі, мүгедектігі бойынша жәрдемақы, асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер есептеле ме?
  • Мемлекеттік жәрдемақылар да өтініш берушінің кірісі болып саналады және төлем қабілеттілігін бағалау кезінде ескерілуі мүмкін.
  • Осы бағдарлама бойынша тұрғын үй алғаннан кейін «7-20-25» сияқты басқа бағдарламаларға қатыса аламын ба?
  • Сіз тұрғын үй несие бағдарламаларына қатыса аласыз, бірақ жалға берілетін тұрғын үйде тұру кезінде меншік құқығымен үй сатып алған жағдайда жалға берілетін тұрғын үйді жалдау шарты бұзылады.
  • Егер мен әскери қызметші ретінде тұрғын үй төлемдерін алатын болсам, қатыса аламын ба?
  • Жоқ.
  • Жылжымайтын мүлік сатылғаннан бері 5 жыл немесе 2 жыл өтуі керек пе?
  • 5 жыл.
  • 3 жылдық тұрақты тіркеу тек өтініш берушіде болуы керек пе, әлде барлық отбасы мүшелерінде ме?
  • 3 жыл тіркеуде болу тек өтініш берушіге қатысты міндетті шарт. Отбасының қалған мүшелерінің тіркеу мерзіміне қарамастан Астана қаласында тұрақты тіркеуі болуы қажет.
  • Егер үміткер барлық критерийлерге сәйкес келсе, бірақ ресми түрде басқа қалада жұмыс істесе, олар өтініш бере ала ма? (Мысалы, басқа қалада вахталық әдіспен жұмыс істеу)
  • Иә, мүмкін. Егер Астана қаласында кемінде 3 жыл тұрақты тіркеуі болса.
  • Мүліктің жоқтығы туралы анықтама Астана қаласы бойынша немесе Қазақстан Республикасы бойынша болуы тиіс?
  • Қазақстан Республикасы бойынша өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне.
  • Егер өтініш беруші 34 жасында өтініш берсе және 2 күннен кейін 35 жасқа толса, оның өтініші қарала ма?
  • Қатысуға өтінім берген сәтте өтініш беруші 35 жасқа толмаған болуы тиіс.
  • Егер мен бойдақ болсам (үйленбеген) және балаларым болмаса, мен қатыса аламын ба?
  • Иә, мүмкін.
  • Мемлекеттік мекемеде жұмыс істеу міндетті ме?
  • Жоқ, барлық ресми жұмыспен қамтылғандар қатыса алады.
  • Тек «Отбасы банктегі» депозит ғана ескеріле ме? Әлде басқа банктердегі депозит те жарай бере ме?
  • Кез келген екінші деңгейлі банктегі депозит жарайды.
  • Депозиттің болуы міндетті ме, әлде карточкалық шоттың болуы да жарамды ма, мысалы, «Каспий голд» туралы қоса беруге бола ма?
  • Жоқ, жинақ (депозиттік) шоты болуы керек.
  • Егер мен осы бағдарлама бойынша өтіп, уақытша пәтер алсам, мені кезектен алып тастай ма?
  • Иә, олар тұрғын үй кезегінен алынады.
  • Қандай нақты құжаттар әртүрлі саладағы жеке еңбек жетістіктері болып саналады? (грамота, сертификат, алғыс хат, медаль, кубок)
  • Өтініш берушінің әртүрлі қызмет саласындағы кәсіби жеке еңбек жетістіктерін растайтын құжаттар жетістік болып ескеріледі, өйткені бұл бағдарлама «жұмыс істейтін жастарға» арналған. Мысалы, жұмыс берушінің грамоталары, марапаттары және алғыс хаттары.
  • Әртүрлі сала нені білдіреді? Мысалы, егер өтініш беруші ветеринар болып жұмыс істесе және кондитерлік өнімдер бойынша жеңіске жеткен конкурс туралы хаты болса, бұл әртүрлі саладағы жетістік болып санала ма, әлде тек өз кәсібінің бір бөлігі болуы керек пе?
  • Өтініш берушінің кәсібі шеңберінде алғыс хаттар немесе грамоталар түріндегі жетістіктерді ескеру қажет. Мысалы, егер сіз ветеринар болып жұмыс жасасаңыз, онда грамоталар ветеринария саласына қосқан үлесі үшін болуы керек.
  • Мысалы, егер өтініш берушіде бір ұйымнан бір жыл ішінде 3-4 грамота болса, 2 балл қосыла ма немесе шектеулер бар ма?
  • Жоқ. Санына қарамастан, грамоталардың, алғыс хаттардың болуы үшін 2 балл есептеледі.
  • Егер өтініш беруші қазіргі уақытта мемлекеттік ұйымдардың жұмыс істеп тұрған қызметкері болып саналмаса, мемлекеттік мекемелердегі және мемлекеттік кәсіпорындардағы еңбек өтілі ескеріле ме?
  • Иә, есептеледі. Сонымен қатар конкурсқа қатысу кезінде өтініш беруші ресми түрде жұмысқа орналасуға тиіс.
  • Өтініш берушінің «Қолданбалы геология» мамандығы бойынша жоғары білімі бар, оның мамандығы сұранысқа ие 100 мамандық тізіміне кіреді, бірақ осы мамандық бойынша ол еңбек қызметін жүзеге асырмайды, оған 10 балл беріле ме?
  • Жоқ. Өтініш берушіге сұранысқа ие 100 мамандық тізіміне кіретін мамандық бойынша ағымдағы кәсіптік қызметті жүзеге асыру кезінде 10 балл беріледі.
  • Осы бағдарлама бойынша пәтерлер қайда орналасқан?
  • Бағдарлама бойынша өтінімдерді қабылдау жарияланған кезде пәтерлердің орналасқан жері туралы қосымша хабарланатын болады.
  • Сіз несие тарихын ескересіздер ме (менде несие бойынша қарыз төлемдерінің барын)?
  • Жоқ, біз несие тарихын қарастырмаймыз.
  • Жазда мен демалыста болдым, сондықтан бір айда табыс 40 АЕК-тен аз. Не істеу керек?
  • Көрсетілген себеппен сіздің табысыңыз төмендеген айдағы демалыс туралы бұйрықты немесе ауру демалысын қосымша тіркеу қажет.
  • Егер мен осы бағдарлама бойынша пәтер алсам, оны жалға тапсыра аламын ба?
  • Жоқ. Осы бағдарлама бойынша пәтер берген кезде, біз сізбен жалдау шартын жасасамыз, онда келісім-шарт бұзылатын жағдайлар көрсетіледі:
  • 1. Тұрғын үйді жалдау шартында көрсетілмеген адамдардың тұруы, пәтерді үшінші тұлғаларға жалға беру;
  • 2. Дәлелді себепсіз 6 айдан артық жалдау ақысын төлемеу;
  • 3. Меншік құқығымен мүлікті сатып алу;
  • Астана қаласында тұрақты мекенжайлық тіркеу үздіксіз болуы тиіс пе?
  • 10 күнтізбелік күн ішінде мекен-жайлар арасындағы үзіліспен Астана қаласының ішіндегі мекен-жайды басқа адреске ауыстыруға жол беріледі.
  • Соңғы 3 жылда тұрақты тіркелу міндетті болуы керек пе? Егер менде 3 жыл, 2015 жылдан 2016 жылға дейін 1 жыл, 2020 жылдан 2021 жылға дейін 1 жыл және 2021 жылдан 2022 жылға дейін 1 жыл тұрақты тіркеуім болса. Мен сәйкес келмеймін бе?
  • Тұрақты тіркелу соңғы 3 жылда, яғни 2020-2023 жылдар аралығында болуы керек.
  • Өтініш бергеннен кейін қанша күн күту керек және нәтижені қайдан білемін?
  • Өтініш берген кезде сіз көрсеткен телефон нөміріне өтінішіңіздің қаралу туралы мәртебесі бар хабарлама жіберіледі.
  • Мен қазір құжаттар тізімі бойынша анықтамаларды алдын ала жинай аламын ба?
  • Сіз қоса берген анықтамалар өтінім берген сәтке дейін күнтізбелік 10 күннен ерте алынбауы тиіс екенін ескеру қажет.
Сондай-ақ оқыңыз