ҚТЖ жаңа вагондар сатып алуға 730 млрд теңгені қайдан алады

Жарияланды
ҚТЖ жаңа вагондар сатып алуға 730 млрд теңгені қайдан алады / Фото: shutterstock және rail-news.kz

«Қазақстан теміржолы» компаниясы 2025 жылға жоспарланған жаңа вагондарды сатып алу жобасына 730 млрд теңгені қайдан алады. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев айтты.

Оның айтуынша, жаңа вагондардың алғашқы бөлігі 2025 жылы жеткізіледі. Бірақ жобаны қаржыландыру туралы соңғы шешім әлі қабылданбаған. Әзірге ұлттық компанияның өз қаражаты, республикалық бюджет немесе басқа елдерден инвестиция тарту жолдары талқыланып жатыр. Қаражаттың нақты қайдан алынатыны белгісіз.

«Мысалы, биыл екі жоба басталды. Олар ҚТЖ өз есебінен қаржыландырылды. Біз жыл сайын кіріс бөлігін қараймыз және бірінші кезекте ҚТЖ-ның өз қаражатынан (жобалар іске асырылғанына) назар аударамыз. Әрине ол жетіспейді. Ондай кездері біз республикалық бюджеттен аламыз, не халықаралық қаржы институттарының қаражатын тартамыз», — деп түсіндірді Қарабаев.

Ол ҚТЖ дамуына қаржылық жағдай әсер ететінін атап өтті. Министр жобаларды іске асыруға қаражат бірнеше тараптан алынуы керек екенін жоққа шығармайды.

Осыған дейін «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы 2023 жылы қаңтар-қыркүйек айларында 129,5 млрд теңге пайда тапқанын жазған едік

Ал 2022 жылы ұлттық компания 34 887 277 000 теңге таза табыс тапқанына қарамай, «Самұрық-Қазына» шешімімен 2022 жылға компанияның жай акциялары бойынша дивиденд төлемеген

Сондай-ақ оқыңыз