Новороссийск портында мұнайды аустырып тиеу тоқтатылуына байланысты Қазақстанда мұнай өндіру 56%-ға қысқарды

Жарияланды
Дауылды ескерту: Қазақстан мұнай өндіруді 56%-ға қысқартты / Коллаж kursiv.media

Қара теңіздегі теңізіндегі дауылды ескерту салдарынан Қазақстанда мұнай өндіру 56% қысқарды. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.

Министрлік Новороссийсктегі дауыл салдарынан қысқарған өндірістің қай уақытта қалпына келетінін білмейді.

«Қазіргі таңда елдің ірі кен орындарында өндіріс 56% төмендеді. ҚР Энергетика министрлігі жағдайдың қашан қалыпқа келетінін нақты айта алмайды. Жақын арада өндірісті азайту және реттеу жұмыс осы қалыпта қалады», – деп хабарлады министрлік.

Хабарламаға сүйенсек, сәрсенбіде Новороссийскке дауыл қайта оралуы мүмкін. Өткен түні дауыл теңізде қатты болып, жел биіл толқындарды көтерсе, сәрсенбіде жел қатты болмауы мүмкін.

27 қыркүйекте Қара теңіздегі дауылды ескертуге байланысты, Каспий Құбыр Консорциумының Новороссийсктегі теңіз терминалында мұнайды ауыстырып тиеу тоқтатылды.

Сондай-ақ оқыңыз