Көлік министрі жол салынуы мүмкін жерлерді жеке меншік беруге тыйым салуды сұрады

Жарияланды
Көлік министрі жол салынуы мүмкін жерлерді жеке меншік беруге тыйым салуды сұрады / ҚазАвтоЖол

Қазақстан жаңа жол салу кезінде жермен қамтамасыз ету мәселесі ұзақ уақыт созылады. Сол себепті әкімдіктерге жерді резервке қойып, жеке меншікке сатудан бас тарту керек. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министр Марат Қарабаев айтты.

Министр жаңа жобаларды жермен қамту барысында бірқатар қиындықтар туындап жатқанын айтты. 

«Әсіресе, жеке меншіктен жерді қайтару  рәсімдері 1 жылдан 3 жылға дейін созылуда.Сондықтан, әкімдіктер қазірден бастап жаңа жобаларға керекті жерлерді резервке қойып, оларды жеке меншікке беруге тыйым салуы қажет», – деді министр.

Сонымен қатар, министрі қазіргі таңда карьерлерді рәсімдеу мерзімі 1 жылға дейін созылыпжатқанын ескеріп, осы міндетті жобалау  институттарына жүктеу керек екенін атап өтті.

Министр әкімдіктерге тағы бір ескерту ретінде жол жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджетті тарту мәселесін қозғай кетті. Оның айтуынша, биыл 4 мың 200 шақырым жергілікті жолдар жөндеумен қамтуға бюджеттен 384 млрд. теңге көзделген, оның тек 81 млрд. теңгесі ғана немесе 21 %-ы  жергілікті бюджеттен бөлінген. 

«Бұл ретте, кейбір аймақтар, оның ішінде жолдардың жай-күйі ең төмен өңірлерде жергілікті бюджеттен мүлдем қаражат қаралмаған. Атап айтсақ, олар Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстары», – деді министр.

Айта кетейік, 2022 жылы Үкімет облыс әкімдерінің беделі өңірдегі жол сапасымен өлшенетіні айтылған.

Сондай-ақ оқыңыз