Жаңалықтар

Қырғыз туы өзгереді: елдің Конституциялық комитеті туды өзгерту жөніндегі заң жобасын мақұлдады

Қырғыз туын өзгерту туралы шешім қабылдады / Фото: kursiv.media

Қырғыз туы өзгереді. Жоғарғы кеңес депутаттары «Қырғыз Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қырғыз Республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Бастаманы кім көтерді? Бұл бастаманы бірінші болып Жогорку Кенеш депутаттары Нұрланбек Шәкиев, Ұлан Пірімов көтерген. Пірімов заң жобасы Қырғыз Республикасының негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі – Қырғыз Республикасының туын жетілдіруге бағытталғанын атап өтті. Талқылау барысында бірқатар депутаттар тудың жекелеген элементтеріне баса назар аудара отырып, аталған заң жобасына қатысты мәселелерді ортаға салды. Олардың айтуынша тудағы күн пішіні күнбағысқа көбірек ұқсайды.

Ту қалай өзгереді? Қырғыз Республикасының туындағы сәулелердің толқын тәрізді күн сәулелерінің пішіні, анық күнді еске түсіретін тік пішінге өзгертіледі. Қырғыз Республикасының туындағы күн сәулесінің жаңа нобайын жасау үшін бастапқы кезеңде осы туды жасаған авторлар жұмылдырылмақ. Олар математикалық есептеулер мен сызбаларды және соған байланысты жұмыстарды жүргізеді. Қырғыз туының авторларының бірі Жүсіп Матаевтың айтуынша алғашқыда күн сәулесін анық еске түсіретін пішін ұсынылғанын, бірақ кейін бұл күн сәулелері өзгеріске ұшыраған.

Депутаттар тағы қандай өзгерістер ұсынды? Талқылау барысында депутат Дастанбек Жұмабеков тудың жекелеген элементтерін өзгерту мәселесі бойынша референдум өткізуді ұсынды. Мейкінбек Әбдалиев те Қырғызстан азаматтарының пікірін ескеру қажеттігін атап өтті. Ал бұл бастаманы көтерген Ұлан Пірімов осыдан 32 жыл бұрын ту референдум арқылы емес, парламентте бекітілгенін баса айтты.

Қырғыз туы ғана емес, сонымен бірге гимні мен елтаңбасын да өзгерту мәселесі көтеріле бастады. Жоғарғы кеңес депутаты Нұрланбек Азығалиев мұндай ұсыныстар азаматтардан көптеп түсетінін айтты.