Қарағанды облысының тұрғыны 2020 жылдан бері Binance арқылы заңсыз криптовалюта сатып келген. Оның әмиянына түскен криптовалюта түсімінің сомасы 205 мың АҚШ доллары немесе 95 млн теңгеден асқан.
Күдікті Binance биржасы арқылы ұлының әмиянынан криптовалюта сатқан. АХҚО мәліметінше, олардың заңды тұлға ретінде айырбастау операцияларын жүргізуге лицензиясы болмаған.
ҚМА Қарағанды облысы бойынша Департаменті аса ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасқан қылыстық істі сотқа дейінгі тергеуді бастаған.
«Күдікті тұлға атамыш биржада сатып алушылардың крипто-әмияндарына оның ұлының крипто-әмияндарынан аударымдар арқылы криптовалютаны сатуды жүзеге асыратыны анықталды. АХҚО ақпаратына сәйкес, аталған тұлғалардың ешқайсысында заңды тұлға ретінде айырбастау операцияларын жүзеге асыруға лицензиялар болмаған», – делінген ҚМА таратқан ақпаратта.
Binance арқылы криптовалютаны айырбастау үшін заңды тұлға ретінде тіркеліп, арнайы лицензия алу керек.
Бұған дейін аржы айналымы 17 млрд теңгеден асқан заңсыз 9 крипто алмастырғыш жойылғаны хабарланған.