Қара теңіздегі дауыл салдарынан Қашағандағы мұнай өндіріс 38%-ға, 33 мың тоннаға дейін қысқарды. Бұл туралы ҚР «Отын-энергетика кешенін ситуациялық талдау орталығы» хабарлады.
«Кеше NCOC компаниясы мұнай өндіруді 38 пайызға, яғни 54 мың тоннадан 33 мың тоннаға дейін қысқартқанын хабарлады. ТШО 26 қарашада өндірісті 50 пайызға, ал 28 қарашада тағы 10 пайызға қысқартқан болатын», – деп жазады орталық.
26 қараша күні қазақ мұнайының 80 пайызын тасымалдайтын Каспий Құбыр консорциуымы мұнай қабылдауды уақытша тоқтатқан болатын. Оған Қара теңіздегі қолайсыз ауа райы мен дауыл себеп. Бұндай ауа райында КҚК мұнай тиеп жөнелтпейді. Ал терминалдағы танкерлер мұнайға толы. Соның салдарына Қазақстандағы мұнай өндірісі қатты қысқарып жатыр.
Қазақстанның энергетика министрлігі Қара теңіздегі теңізіндегі дауыл салдарынан мұнай өндіру 56% қысқарғанын хабарлады.
Министрлік кысқарған өндірістің қай уақытта қалпына келетінін білмейді.
«Қазіргі таңда елдің ірі кен орындарында өндіріс 56% төмендеді. ҚР Энергетика министрлігі жағдайдың қашан қалыпқа келетінін нақты айта алмайды. Жақын арада өндірісті азайту және реттеу жұмыс осы қалыпта қалады», – делінген хабарламада.
КҚК арқылы Қазақстанның ең ірі мұнай кен орындары – Теңіз, Қашаған және Қарашығанақтан шыққан мұнай экспортталады.
28 қарашада Қазақстанда 184,6 мың тонна мұнай мен газ конденсаты мен 134,6 миллион текше метр газ өндірілген.
Reuters басылымы қатты дауыл Қазақсан мен Ресейден тәулігіне 2 миллион баррельге дейін мұнай экспортын тоқтатты деп жазады.
Агенттігінің хабарлауынша Қара теңіздегі мұнай мен өнімдерін тиейтін Новороссийск порты сейсенбі күні де жабық тұрған.
Әрқайсысы 80 000 тонна жүк тиеген екі мұнай танкері жүзу алдында ауа-райының жақсаруын күтті. Екеуі де бір аптадан астам кешігіп жатыр, 10-ға жуық танкер әлі тией бастаған жоқ.
2023 жылдың 10 айында Қазақстан 74,8 млн тонна мұнай өндірген, Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда (68,4 млн тонна) сәл артық. Өндірілген мұнайдың 58,9 миллион тоннасы экспортқа жөнелтілсе, ішкі нарыққа 14,6 миллион тонна қалған.