Қазақстанда шағын және орта бизнесті жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалануға көшуге ынталандырып, ал шетелдік инвесторлар қазақстандық ЖЭК-ке инвестиция құю үшін оларға жер беру керек. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Экономикалық зерттеулер институты орталығының директоры Ерлан Кәрімов айтты.
«Жүргізілген талдау негізінде мынадай қорытындылары мен ұсынымдарын жасауға болады: халық пен ШОБ субъектілерінің ЖЭК технологияларын пайдалануды ынталандыру тетіктерін әзірлеу, сондай-ақ шетелдік резиденттерге ЖЭК жобаларына жер бөлу мәселесін қарастыру», – делінген басылымда.
Сондай-ақ, Кәрімов батыс аймақты Қазақстанның бірыңғай энергожүйесіне қосу процесін жеделдетуді ұсынады. Оның айтуынша, елдің батысындағы энергия жүйесінде (БЭЖ) апатты жағдайлардың көптігі, резервтердің жоқтығы және облыстар арасындағы Электр байланысының әлсіздігі сынды проблемалар бар. Батыс аймақты БЭЖ қосу авариялық өшу тәуекелдерін азайтуға, өңірдің ресейлік электр энергиясына тәуелділігін төмендетуге болады. Сонымен қатар, электр желісінің инфрақұрылымының тозуын азайту және инвестицияларды ұлғайту арқылы жүйені цифрландыруды ұсынады.
«Тозған инфрақұрылымға инвестиция тартудың жалғыз жолы тариф белгілеуге мүмкіндік беру. Алайда компаниялар үшін кірістілік пен инвестицияларды қайтару кепілдіктері, тариф белгілеуәдістеріне көшу, саланы реформалау, қаражатты есебіне бақылауды күшейту қатар жүруі тиіс», – деп атап өтті Кәрімов.
2022 жылы елдегі электр станцияларының белгіленген қуаты 23,9 ГВт құрады. Электр энергиясын өндірудің 82% жылу электр станцияларына тиесілі – 19,4 ГВт, оның ішінде көмір – 13,4 ГВт және газ – 6 ГВт. Қазақстанның энергожүйесі үш аймаққа бөлінген. Солтүстік аймақ елдің барлық өндіруші қуаттарының шамамен 70% жинайды және негізінен көмір өндіретін кен орындарының жанында шоғырланған. Ең көп халқы бар оңтүстік аймақ энергия көзін солтүстік аймақтан алады. Батыс аймақта тек газбен жұмыс істейтін станциялар бар. Ал электр станцияларының бір бөлігі мұнай-газ кен орындарының жеке электр көзіне айналып, жалпы желіге энергия бермейді.
Энергетика министрлігінің болжамына сәйкес, 2030 жылға қарай электр энергиясын өндіру сағатына 140,5 млрд кВт-қа дейін өседі. Бұл ретте елімізде энергия тұтыну сағатын 146 млрд кВт-қа дейін өседі, яғни сағатына 6 млрд кВт жетпейді.
Кәрімов Қазақстанда сағатына 1 трлн кВт энергия өндіру мүмкіндігі бар екенін айтады. Оның сөзінше, бұл мүмкіндікке Қазақстанның әлемдік энергетика дамыту процессіне ілесе алмауы кедергі болып отыр.
«Қазақстанда ЖЭК электр энергиясының құны көмір генерациясынан алынатын дәстүрлі энергиямен салыстырғанда әлдеқайда қымбат. Ал Қазақстан дәстүрлі электр энергиясының арзандығы бойынша әлемнің 30 елінің қатарына кіреді. Сағатына 1 квт электр энергиясының құны 0,044 АҚШ долларына немесе 21 теңгеге (1 доллар үшін 475 теңге бағамы бойынша) бағаланады, – деді ол.
Осыған қарамастан, Қазақстандағы жасыл энергияның құны әлемдік бағадан үш есе жоғары. Атап айтқанда, күн энергиясының құны 8,6 АҚШ центін құрайды, ал Күн энергиясының әлемдік орташа бағасы 1–3 центтен аспайды және жыл сайын төмендеп отырады.
Бұдан бөлек, ол ЖЭК-ке инвестиция құюға ниетті шетелдік инвесторларға арнайы жер учаскелерін бөлуге мүмкіндік берген жөн екенін айтты.
KEGOC компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов ЖЭК энергия жүйесі өздері келтірген тұрақсыздық үшін жауап беру керек екенін айтқан. Яғни, мысалы, күн энергия көзі күндізгі уақытта көбірек энергия беру мүмкіндігі бар. Алайда күндіз жарық аса қажет емес. Кешкі уақытта жарық қажет болғанда күн энергия жүйесі қажетті жарықты өндіре алмайды.
Сондықтан күн және жел станциялары энергия сақтау қондырғыларын орнатуы қажет. Ол үшін бұл энергия сақтау құрылғылары KEGOC жүйесіне қосылуы керек.
Биыл жаңартылатын энергия көздері қаңтар-қыркүйек айларында сағатына 4,91 млрд кВт электр энергиясын өндірген, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ға көп.
Ең көп электр энергиясын жел электр станциялары өндірді – сағатына 2,575 млрд кВт. Күн электр станциялары сағатына – 1,572 млрд кВт. Шағын су электр станциялары сағатына 760,9 миллион квт, биоэлектр станциялары сағатына 2,25 миллион квт. Осылайша, электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК үлесі 5,97% құрады.
Қазақстан ЖЭК үлесіне 2030 жылға қарай 15% дейін жету міндетін қойып отыр. Бұл міндетке қол жеткізуді жеделдету үшін қуаты 1 ГВт болатын бірнеше ірі ЖЭК жобалары жоспарлануда.
Францияның Total компаниясы Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салады.