Алматыдағы өрт: Бас прокуратура істі өз бақылауына алды

Жарияланды
Шығарушы редактор

13 адамның өмірін жалмаған өртке қатысты қылмыстық іс қозғалып, оны Бас прокурор өз бақылауына алды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлімдеді.

«Бұл факт бойынша ішкі істер органдары қылмыстық іс қорғалды. Бұл қылмыстық істің сапалы, жан-жақты тергелуін қамтамасыз ету мақсатында Бас пркурор тиісті үкім шығарды. Бас прокуратура тергеу тобымен бірлесе отырып, осы істің қысқа уақытта тергелуін, кінәлілердің жауапкершілікке тартылуын қарастырамыз», – деді ол.

Хостелдің жертөледе орналасуы – заңға қайшы. Ақпарат бойынша, хостелді жалға алған – Ala hostel ЖШС.

«Ең бірінші кезекте хостелді заң талаптарын сақтамай пайдаланған – Ala hostel ЖШС басшыларының жауапкершілігі қаралуы тиіс. Егер тергеу барысында жалға алған фирма болмаса ғимарат иелерінің кінәсі анықталса, ешкім жазадан құтыла алмайды», -деді Өміралиев.

Бүгін Алматыдағы хостелде өрт шығып, құтқарушылар оқиға орнынан 13 адамның мәйітін алып шықты.

Құтқарушылардың алдын ала болжамына сәйкес, адамдар иіс тиіп қайтыс болған. 59 адам эвакуцияланды.

Өрт шыққан ғимарат Халық банкінің еншілес ұйымына тиесілі. Банкте кепілде тұрған бұл ғимарат қарыз өтелген соң банктің еншілес ұйымы – «Халық» стресті активтерді басқару компаниясының меншігіне өткен. Ол осыдан 1,5 ай бұрын Әділбек Сағымбекұлы Мұхамедьяров басқаратын «ALA Hostel» ЖШС-не жалға берілген.

Әкімдік берген ақпаратқа сүйенсек, хостел бар болғаны бір жарым бұрын ашылған. 

«Ғимарат Халық банкке тиесілі. Кепілдегі ғимаратты банк жалға берген», -делінген әкімдік хабарламасында.

Хабарламаға сүйенсек, ғимаратты банк бұрын қарыз өтемеген бұрынғы қожайындарынан алып қойған. Бұдан бөлек, хостелдің Алматыдағы жоғарғы оқу орындарымен студенттерді орналастыру туралы келісімге келмегені жазылған.

Қайтыс болғандардың арасында төртеуі – шетел азаматтары. Екеуі Ресей азаматы болса, екеуі Өзбекстан тұрғындары.

Сондай-ақ оқыңыз