Bloomberg Air Astana әуе компаниясының арнайы кеңесшілерді жалдап жатқаны туралы хабарлады. 2024 жылдың 1 тоқсанына жоспарланып отырған «Air Astana» акцияларын екі IPO-дан: Лондон биржасы (London Stock Exchange) және халықтық IPO-дан (AIX және KASEбиржасынан) алуға болады деп күтілуде.
«Самұрық-Қазынаның» даму және жекешелендіру жөніндегі бұрынғы басшысы Ернар Жаңаділдің айтуынша, екі бірдей листинг жасаудың негізгі себебі компания акцияларына 49% иелік ететін британдық BAE Systems авиакомпаниясының шешімі болуы мүмкін.
Алайда ең қызық ақпарат free-float-қа шығатын акциялардың шамамен 50%-ға жеткені болып отыр. Бұл екі үлкен акционердің үлесін 50% төмендетеді. Сарапшылар бұл ақпарат расталса, компания басшылығының акционерлер алдындағы жауапкершілігі артатынын айтады.Bloomberg ақпаратына сәйкес, авиакомпанияны 1 млрд долларға бағалап отыр. Enterprise Value (EV) есебі бойынша компанияның таза қарызы 1,01 млрд долларды құрайтынын көріп, Bloomberg бағамы дұрыс екенін түсінеміз.
Әрине, кіріске де баға беру керек. Компания 2015 жылдан бастап 734 млрд доллар табыс тапқан. 2020 жылғы пандемия кезеңінде жалпы кірістің 3,2%-ы таза табыс болған. Бұдан бөлек, Bloomberg компанияның ұлттық тасымалдаушы мәртебесіне де мән беру керек екендігін жазған.
2024 жылы «Air Astana» компаниясы көптен күткен IPO-ға шығарылады. Алайда бұл процестен кейін де, «Самұрық-Қазына» аталған компанияның ірі акционері болып қара береді.