Өрт кезінде 13 адам қайтыс болған ғимарат Халық банкке тиесілі

Жарияланды
хостел
Өрт кезінде 13 адам қайтыс болған ғимарат Халық банкке тиесілі / Алматы әкімдігі

Өрт кезінде 13 адам қайтыс болған Алматыдағы хостел ғимараты Халық банкке тиесілі. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға орнына қала әкім Ерболат Досаев келді.

Әкімдік берген ақпаратқа сүйенсек, хостел бар болғаны бір жарым бұрын ашылған. 

«Ғимарат Халық банкке тиесілі. Кепілдегі ғимаратты банк жалға берген», -делінген әкімдік хабарламасында.

Хабарламаға сүйенсек, ғимаратты банк бұрын қарыз өтемеген бұрынғы қожайындарынан алып қойған. Бұдан бөлек, хостелдің Алматыдағы жоғарғы оқу орындарымен студенттерді орналастыру туралы келісімге келмегені жазылған.

«Студенттер бұл хостелде тұру туралы өтініш болмаған. Хостелге студенттерді жайғастыру шаралары іске аспаған», – делінген әкімдік хабарламасында.

Оқиға орнына келген Алматы әкімі Ерболат Досаев төтенше жағдай қызметкерлерімен бірге аумақты аралап шықты.

«Жертөледе қойма, ас үй немесе басқа бөлмелер болуы мүмкін. Бірақ ол жерге адамдардың қонып шығуына болмайды. Жағдайды толықты тексереміз», – деді әкім журналистерге.

Қала басшысы зардап шеккендер мен эвакуацияланған адамдарға көмек көрсетіліп жатқанын айтты.

«Аудан әкімдігі зардап шеккендерді ыңғайлы орынға жайғастырып, тамақтандырып жатыр. Денсаулық сақтау басқармасы оларға медициналық және психологиялық қолдау көрсетуде», -делінген хабарламада.

Қазіргі таңда үкімет басшысы Әлихан Смайылов арнайы комиссия құрып, тергеу жұмыстарын жүргізу туралы тапсырма берді. Комиссия құрамына құқық қорғау органдары, мемлекеттік қызмет органдары мен Алматы әкімдігінің өкілдері кірді. Комиссия төрағасы – төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Алматыға ұшып кеткен белгілі.

Қайтыс болған азаматтар арасында Үндістан мен Пәкістаннан келген Алматыдағы медициналық оқу орындарының студенттері бар деген ақпарат тарады.

Алматыда хостелде өрт шығып, құтқарушылар оқиға орнынан 13 адамның денесін алып шықты. Төтенше жағдайлар министрілігі олардың көміртек газдан тұншығып өлген болуы мүмкін екенін хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз