ENACTUS әлемдік кубогы 2024 жылы Қазақстанда өтеді

Жарияланды
Фото: enactus.kz

ENACTUS WORLD CUP-2024 Астана қаласында өтеді. Бұл жайлы Алматыда өткен ENACTUS Kazakhstan бизнес форумында ENACTUS Kazakhstan президенті Альбина Ержанова айтты.

Альбина Ержанованың айтуынша бұл жобаға қатысқан студенттер қоғамдағы проблемалық мәселелері көтеріп қана қоймай, сол бағытта бизнес құрып, сол арқылы қоғамға пайдасын тигізе алады.

«ENACTUS – қоғамдық жоба. Бұл жобаның мақсаты – дарынды жастардың мүмкіндіктерін кеңейту, олардың идеяларын және бизнес-жобаларын іске асыру және жастарымыздың стартаптарына қолдау көрсету. Enactus Қазақстан студенттерге бүкіл ел бойынша университеттерде командалар құруға көмектеседі. Студенттік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бұл жоба жастарды әлеуметтік-экономикалық өмірге тартуға мүмкіндік беріп, шағын және орта бизнеске жол ашады. Бұл жоба өз нәтижесін берді. Бүгінгі күні студенттеріміз ENACTUS әлемдік кубогына қатысып, жартылай финалына дейін шықты. Біз бұл әлемдік жобаға қатысып, Қазақстан бұл маңызды кубокты 2024 жылы Астана қаласында өткізу мүмкігіне ие болды», – дейді ENACTUS президенті.

ENACTUS әлем кубогына – әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттер қатысады. ENACTUS өкілдіктері әлемнің 36 елінде ашылған. Бұл әлемдік жобаға 550-ден астам халықаралық корпорациялары демеушілік көрсетеді.

«Мұндай жоба осында отырған әрбір адам үшін маңызды. Жастар сендер бүгінгі күні ортақ мақсат үшін бірігіп, еліміздің білім мен ғылым саласына өз үлестеріңізді қосып жатсыңдар. Бүгінгі бизнес форум сіздерге қолдау көрсету үшін ұйымдастырылып отыр. Мен мұндағыәрбір студенттің ертеңгі күні ел мақтанышына айналатын жобаларды жүзеге асыратынына сенімдімін»,- деді ENACTUS Қазақстан директорлар кеңесінің төрағасы Райымбек Баталов.

Сондай-ақ оқыңыз