Үкімет пен ArcelorMittal арасындағы мәмілеге қол қойылар күн жақын

Жарияланды
Шығарушы редактор

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы мәміле соңғы кезеңіне жақындап қалды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы мәміленің соңғы кезеңіне жақындағанын хабарлаймыз», делінген хабарламада.

Миннистрлік хабарлауынша, мәмідеге қол қойылған соң, толық ақпарат беріледі

ArcelorMittal Temirtau компаниясына қарасты Костенко шахтасында 46 кеншінің өмірін жалмаған жарылыстан кейін, Президент Үкіметке ArcelorMittal компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырған болатын.

Ал ArcelorMittal компаниясының өзі бірнеше айдан бері Қазақстан Үкіметімен қазақстандық бизнесті мемлекет меншігіне алу туралы келіссөз жүргізіп келе жатқанын және өткен аптада билікпен осы шотқа «қағидаттық келісім» жасасқанын мәлімдеді.

28 қазанда ArcelorMittal Temirtau жақында компанияның меншік құқығы Қазақстанға берілетінін растаған.

31 қазанда Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қазақстан «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын басқару үшін шетелдік инвестор тартпайтынын және кәсіпорынды мемлекет меншігіне қайтару барысында бюджеттен ақша алынбайтынын айтқан.

Қанат Шарлапаев «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы қарашаның соңына қарай толық мемлекет меншігіне өтуге тиіс екенін нақтылаған.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов осыған дейін 3 млрд долларсыз кәсіпорынның жұмысын жүргізу қиынға соғатынын айтқан.

«Бізге жеке инвестор тарту қажет. Ол 3 млрд доллар инвестиция құюы керек. 1,3 млрд доллар дереу салынуға тиіс. Жағдай шұғыл шешімді талап етеді. Алдағы 3 жылға кем дегенде 3 млрд доллар қаржы қажет. Мұндай инвестициясыз кәсіпорынды қалыпты жағдайда дамыта алмаймыз. Отандық инвестор болады деп жоспарлап отырмыз», – деген премьер-министр.

Үкімет басшысы АрселорМиттал Теміртауды 500 млрд долларға сатып алу туралы ақпаратты жоққа шығарған.

Ал «АрселорМиттал Теміртау» акционерлері компанияны 1,8 млрд долларға бағалап отыр

Сондай-ақ оқыңыз