Tesla құны 61 мың доллардан басталатын Сybertruck электропикап ұсынды

Жарияланды (жаңартылды )
Фото:interfax.az

Америкалық Tesla компаниясы Остиндегі зауытта өткен іс-шара барысында Cybertruck электропикаптарын таныстырды. Бұл туралы Интерфакс ру сайты хабарлады.

Жаңа электромобильдердің бағасы 60,99 мың доллардан басталады. Сондай-ақ, компанияда Cyberbeast деп аталатын ең жақсы нұсқаның құны 99,99 мың долларды құрайды.

Футуристік дизайны бар электропикап алғаш рет 2019 жылы шығарылды. Содан кейін компания басшысы Илон Маск бұл модель екі жыл ішінде өндіріске енгізілетінін айтты. Осы жылдың шілде айында Tesla Техастағы кәсіпорында алғашқы Cybertruck электропикап құралғаның хабарлады.

Wedbush талдаушысы Дэн Айвс Tesla осы тоқсанда 2-3 мың Cybertruck шығарып, өндірісті 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында тоқсан ішінде 10 мыңға дейін жеткізе алады, деп хабарлайды MarketWatch.

Бағалар «біз күткеннен де ең жоғары деңгейде» болды, деп атап өтті RBC Capital компаниясының қызметкері Том Нараян.

Tesla акцияларының бағалары бейсенбідегі қосымша сессияда 2,1%-ға төмендеді. Компанияның нарықтық құны соңғы үш айда 7%-ға (776 млрд долларға дейін) қысқарды, ал Nasdaq Composite қор индексі 1,4%-ға өсті.

Сондай-ақ оқыңыз