Режеп Тайып Ердоған: Палестина мемлекетін құру жауапкершілігін Түркия өз мойнына алуға дайын

Жарияланды
Ердоған Дубайда Палестинаға қатысты мәлімдеме жасады / globallookpress.com


Газада болған оқиға адамзатқа қарсы қылмыс, бұл – соғыс қылмысы, қылмыскерлер халықаралық құқық алдында жауап беруі керек. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Дубайда өткен дүниежүзілік Климат жөніндегі саммите мәлімдеді.

Әлем коронавирус індеті мен Украина-Ресей соғысынан кейін Газадағы қанды қырғынның ауыр зардабымен бетпе-бет келгеніне назар аударған Режеп Тайып Ердоған:

«Түркия осы дағдарыстардың барлығында бейбітшілікті жақтап, әділдік пен теңдік негізінде шешім табу үшін жұмыс істеді», – деді.


Түркия президенті Палестинадағы гуманитарлық дағдарысты айтпай өте алмайтынын мәлімдеді.

«Израиль шабуылының салдарынан 16 мыңнан астам бейкүнә палестиналықтардың, негізінен балалар мен әйелдердің қаза болуын ақтау мүмкін емес. Газада болған оқиға адамзатқа қарсы қылмыс, бұл – соғыс қылмысы, қылмыскерлер халықаралық құқық алдында жауап беруі керек», – деді ол.

Режеп Тайып Ердоған соңғы оқиғалар тәуелсіз, егеменді және аумақтық тұтастығы бар Палестина мемлекетін құру маңызды екенін айтты.

«Түркия Палестина мемлекетін құру жауапкершілігін өз мойнына алуға дайын!» – деп қорытты сөзін Режеп Тайып Ердоған.

Сондай-ақ оқыңыз