Шетелдік әуекомпаниялар Қазақстанның 13 қаласына шектеусіз ұша алатын болды: билет құны арзандай ма?

Жарияланды
Шетелдік әуекомпаниялар 13 қалаға шектеусіз ұша алады / shutterstock

Қазақстанның 13 қаласында орналасқан әуе жайларға шетелдік әуекомпаниялар шектеусіз ұшатын болады. Бұл қалалар енді «ашық аспан» режимін қолданады, оларға 5-ші дәрежелі «әуе еркіндігі» берілді. Бұл саладағы бәсекенің артуына, әуе билетінің арзандауы мен ұшу географиясының ұлғайюына ықпал етпек. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, Көлік министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп «ашық аспан» режимін одан әрі жетілдіріп жатыр.

Көлік министрлігі «ашық аспан» режимін енгізу туралы бұйрыққа өзгерістер енгізді. Оған сәйкес, бұрын-соңды қолданыста болған шектеулер алынып, шетелдік әуе компанияларына 5-ші дәрежелі «әуе еркіндігін» пайдалану құқығын берілді .

«Шетелдік әуе компаниялары Қазақстанның бірқатар әуежайына әуе кемелерінің типтері мен жиілігіне қарамастан, оның ішінде бағыттар бойынша шектеусіз 5-ші дәрежелі «әуе еркіндігімен» ұшуларды орындау мүмкіндігіне ие болды», делінген хабарламада.

«Ашық аспан» режимін қолданатын әуежайлар. Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей қалаларының әуежайларында осы режим қолданылады.

Қазақстанда Батыс елдерімен салыстырғанда Қазақстанның ішкі рейстері қымбат саналады екен. Бұл мәселе АМАNАТ партиясының күн тәртібінде қаралған болатын. Сарапшылар  бұл мәселені шешудің жолы ретінде басқа авиакомпанияларға елде ұшуға мүмкіндік беруді ұсынған еді.

Сондай-ақ оқыңыз