АҚШ ең ірі қорғаныс өнеркәсіптік базасын жаңартуға 50 млрд доллар бөлді

Жарияланды (жаңартылды )
Ллойд Остин. Фото: Liu Jie / Global Look Press

АҚШ соңғы онжылдықтардағы қорғаныс өнеркәсіптік базасында ең ауқымды жаңарту жұмыстарын жүзеге асыруда. Бұл туралы Пентагон басшысы Ллойд Остин мәлімдеді, деп жазады ТАСС.

АҚШ Қорғаныс министрі атап өткендей, мемлекет осы мақсаттар үшін бюджеттік қаражаттан 50 млрд доллар бөледі.

«Біз қорғаныс өнеркәсіптік базамызды 40 жылдағы ең ауқымды жаңарту жұмыстарын бастадық», – деді ол.

Ведомство басшысының айтуынша, бұл 30-дан астам штаттағы америкалықтар үшін ондаған мың жақсы жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Маусым айында Пентагон басшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Колин Коль Украинаға миллиардтаған долларлық әскери көмектің АҚШ әскери-өнеркәсіптік кешеніне ) әсері туралы айтқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз