Ресейлік «Росатом» мемлекеттік корпорациясы Қазақстанда жалпы қуаты 2400 МВт дейінгі 3+ буынды ядролық реакторлары бар екі атом электр станциясын салуды ұсынды, деп хабарлайды ТАСС.
Астанада «Атом энергетикасы – энергетикалық тәуелсіздік пен технологиялық дамудың негізі» атты дөңгелек үстел барысында «Росатом» еншілес кәсіпорны «Росатом Орталық Азия» ЖШС бас директоры Сергей Громов Қазақстанда әлемдегі «ең қауіпсіз» деп саналатын екі атом электр станциясын салу туралы ұсынысын айтқан.
Үшінші буынға (3+) жататын ұсынылған блоктардың жалпы қуаты 2400 МВт құрайды.