«АрселорМиттал Теміртаудың» шоттары бұғатталғандықтан, Қарағанды өңірінің кеншілері медициналық көмексіз қалу қаупі бар

Жарияланды
Фото:shutterstock

«АрселорМиттал Теміртаудың» шоттары бұғатталғандықтан, Қарағанды өңірінің кеншілері мен металлургтері медициналық көмексіз және зейнетақы жарналарынсыз қалу қаупі бар, деп хабарлайды Ekaraganda.

Басылымда Костенко шахтасындағы қайғылы оқиғадан аман қалған 28 шахтер редакцияға жүгінгені айтылған. Барлығы ауруханадан шығарылды, бірақ олардың көпшілігі емдеуді амбулаториялық негізде жалғастыруда. Кеншілер кенеттен медициналық көмексіз қалуы мүмкін екенін білді.

«Олар қазан айындағы міндетті медициналық сақтандыру қорына төлемнің жоқт екенін білді. Бүгінде бұл мәселе Костенко шахтасының тірі қалған кеншілеріне ғана емес, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының барлық қызметкерлеріне де әсер еткені белгілі болды. Компанияның шоттары бұғатталған», – делінген басылымда.

«АрселорМиттал Теміртауда» зардап шеккен Костенко шахталсындағы кеншілер ғана емес, кәсіпорынның барлық қызметкерлері де қаражат түспегенің хабарлады. Өйткені компанияның барлық шоттары бұғатталған.

Сондай-ақ, Қарағанды облысының кеншілері БЖЗҚ-ға аударымдармен байланысты осындай мәселемен шағымданды.

Сондай-ақ оқыңыз