KEGOC Қытай компаниясымен электр энергиясын сақтау жүйесін енгізу туралы келісім жасады

Жарияланды
Шығарушы редактор
KEGOC электр сақтау жобасын қолға алды. Фото: shutterstock

KEGOC («Самұрық-Қазынаның» еншілес ұйымы) China Power International Development Limited компаниясымен өз қосалқы станцияларының бірінде 5 МВт-қа дейін электр энергиясын сақтау жүйесін енгізу туралы келісімге қол қойды. Ол еліміздің Бірыңғай электр энергетикалық желісіне енеді.

«Бүгін Бейжіңде Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне электр энергиясын сақтау жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойылды. Келісімге «KEGOC» АҚ, China Power International Development Limited, China Power International Holding Limited және «Қазақстанның жаңартылатын энергия көздері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі арасында қол қойылды»,– делінген хабарламада.

Келісім шеңберінде China Power International Development Limited компаниясы KEGOC-тың қосалқы станциясында қуаты 5 МВт-қа дейінгі электр энергиясын сақтау жүйесін орнатады. Пилоттық жобаның мақсаты – жаңартылатын энергия көздерін ҚР Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне біріктіру кезінде электр энергиясын сақтау жүйелерінің энергия жүйесін реттеуге әсерін зерттеу.

Пилоттық жобаны жүзеге асыру елімізде электр энергиясын сақтау технологияларын дамытуды ынталандырады және жаңартылатын энергия көздері санын арттыруға тиіс.

Бұған дейін KEGOC компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов ЖЭК энергия жүйесі өздері келтірген тұрақсыздық үшін жауап беру керек екенін айтқан. Яғни, мысалы, күн энергия көзі күндізгі уақытта көбірек энергия беру мүмкіндігі бар. Алайда күндіз жарық аса қажет емес. Кешкі уақытта жарық қажет болғанда күн энергия жүйесі қажетті жарықты өндіре алмайды.

Сондықтан күн және жел станциялары энергия сақтау қондырғыларын орнатуы қажет. Ол үшін бұл энергия сақтау құрылғылары KEGOC жүйесіне қосылуы керек. 

Биыл жаңартылатын энергия көздері қаңтар-қыркүйек айларында сағатына 4,91 млрд кВт электр энергиясын өндірген, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ға көп.

Электр энергияның басым бөлігін жел электр станциялары өндірді – сағатына 2,575 млрд кВт. Күн электр станциялары сағатына – 1,572 млрд кВт. Шағын су электр станциялары сағатына 760,9 миллион квт, биоэлектр станциялары сағатына 2,25 миллион квт өндірген. Осылайша, электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК үлесі 5,97% құрады.

Энергетика министрлігінің болжамына сәйкес, 2030 жылға қарай электр энергиясын өндіру сағатына 140,5 млрд кВт-қа дейін өседі. Бұл ретте елімізде энергия тұтыну сағатын 146 млрд кВт-қа дейін өседі, яғни сағатына 6 млрд кВт жетпейді.

Сондай-ақ оқыңыз