ҚазТрансОйл 2018 жылдан бері алғаш рет Ресей мұнайын тасымалдау тарифін қымбаттатады

Жарияланды
Шығарушы редактор
Когда может быть запущена вторая нитка газопровода Бейнеу-Шымкент

Фото: kursiv.media

«ҚазТрансОйл» АҚ 2024 жылы «ТОН-2» мұнай құбырының ел аумағында өтетін бөлігінде мұнай транзиті тарифін қымбаттатады. «Туймазы – Омбы – Новосибирск-2» құбыры арқылы Ресей мұнайы Қытай мен Өзбекстанға жеткізіледі. ҚТО қызметінің тарифі келер жылдан бастап 1000 км-ге 1 тонна үшін 11,28 АҚШ долларын құрайтын болады. Бұл туралы компания баспасөз қызметі хабарлады.

«2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «Туймазы – Омбы – Новосибирск-2» («ТОН-2») магистральдық құбырының қазақстандық учаскесі бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік мұнайды айдау бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ қызметінің тарифі 1000 км-ге 1 тонна үшін 11,28 АҚШ долларын құрайды. Жаңа тариф «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының бұйрығымен бекітілді»,– делінген хабарламада.

Қазіргі кезде «ҚазТрансОйл» АҚ «ТОН-2» магистральдық құбырының қазақстандық учаскесі бойынша мұнай айдау тарифі 1000 км-ге 1 тонна үшін 4 292,4 теңгені құрайды. Бұл тариф 2018 жылдың 1 сәуірінен бері өзгермеген.

Осылайша, 2024 жылдың 1 қаңтарынан «ТОН-2» магистральдық құбырының қазақстандық учаскесімен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік мұнай айдау құны 1 тонна үшін 2,1 АҚШ долларын құрайды.

2018 жылғы 1 сәуірден 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін «ТОН-2» магистральдық құбырының қазақстандық учаскесі арқылы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік мұнай айдау құны 1 тонна үшін 799,455 теңге болады.

«ТОН-2» магистральдық мұнай құбыры Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аумағы арқылы өтеді. Ұзындығы 186,25 шақырымдық «ТОН-2» магистральдық мұнай құбырының қазақстандық учаскесі Павлодар мұнай-химия зауытын мұнаймен қамтамасыз етеді және Ресей мұнайын Қытай Халық Республикасы мен Өзбекстан Республикасына транзитпен тасымалдайды.

2023 жылдың мамырында Қазақстанның магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы «ҚазТрансОйл» компаниясы «Роснефть» компаниясымен Ресей Федерациясынан Қытайға жылына 10 миллион тонна мұнай тасымалдау туралы қосымша келісім жасасқаны хабарланған болатын. Ал осы жылдың мамыр айының ортасында «ҚазТрансОйл» «Роснефть» компаниясымен Қазақстан арқылы Қытайға ресейлік мұнайды тасымалдауға қатысты қызмет көрсету бойынша қосымша келісім-шартқа қол қойды.

Жазда Ресей мен Қазақстан Қытайға мұнай тасымалдау жөніндегі келісімді 10 жылға созатыны хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз