Қор нарығына шолу: АҚШ-тың негізгі қор индексінің үшеуі де көтерілді

Жарияланды
Шығарушы редактор

Жұма күні АҚШ-тың негізгі қор индекстерінің үшеуі де көтерілді, Dow Jones 0,8%, ал S&P 500 және Nasdaq Composite 0,6%-өсті. S&P индексінде байланыс қызметтерін қоспағанда, бүкіл сектор жоғары көрсеткішпен жабылған. Бұл туралы KASE-нің қор нарығына шолу материалында жазылған.

Tesla акциялары жаңа Cybertruck көлігі 60,99 мың долларға бағаланғаннан кейін 0,6% жоғалтты. Бұл баға 2019 жылы жарияланған 40 мың доллардан әлдеқайда қымбат. Pfizer акциялары компания салмақ тастауға арналған препараттың 3 фазасы сынауды аяқтағанын хабарлаған соң, 5% арзандады. Salesforce акциялары 3,2%-ға көтеріліп, соңғы раллиін ұзартты. Paramount акциялары медиа-компания мен Apple (+0,7%) ағындық платформаларын біріктіру туралы келіссөз жүргізіп жатқаны туралы хабардан кейін 9,4%-ға өсті.

Еуропа қор нарығы жұма күні жасыл түсте жабылды: STOXX 600 индексі 1%, DAX 40 – 1% қосты. Signify шығындарды азайту үшін жаңа ұйым құратынын хабарлаған соң, оның акциялары 4,5%-ға өсті. Айырбасталатын облигация орналастыратыны жайлы жаңалықтардан кейін Bechtle AG 4,5%-ға төмендеді, ал Viaplay компаниясының акциялары жаңа капитал тарту және қарызды қайта құрылымдау жоспарын жариялағаны сол еді, қатты құлдырап, 74% арзандады.

Жапонның Nikkei 225 индексі дүйсенбіде 0,7%-ға төмендеп, 33 195 құрады. Оның құлдырауына бүкіл дерлік сектор ықпал етті. Sony Group (-1,6%), Advantest (-1,6%), Toyota Motor (-2,1%) және Honda Motor (-2,5%) компаниялары айтарлықтай шығынға ұшырады.

Шанхай индексі дүйсенбіде 0,04%-ға төмендеп, 3031-ге жетті. Wingtech Technology (-5,5%), Wuxi Apptec (-5,3%) және Zhejiang Jinke (-2%) акциялары айтарлықтай арзандады, ChongQing Changan (+2,2%), Kunlun Tech (+2,9%) және Anhui Jianghuai (+5,3%) акцияларында күшті өсім байқалды.

KASE индексі 0,47 пайыз қосып, 4186,94 тармақты құрады.

Сондай-ақ оқыңыз