The Bell: Ресей билігі Kaspi.kz-тің америкалық акционеріне Ozon-ды сатуға рұқсат бермей отыр

Жарияланды

Baring Vostok Ozon маркетплейсін сата алмай отыр/shutterstock

Ресей билігі америкалық кәсіпкер Майкл Калвиге тиесілі Baring Vostok инвестициялық қорының жергілікті бизнесін бөлуге кедергі келтіріп отыр, деп The Bell дереккөздерге сілтеме жасап жазады. Даудың басы 2021 жылдан бастап қазақстандық нарықта жұмыс істейтін Ozon маркетплейсінің болашақ иесі төңірегінде болып отыр.

Baring Vostok бизнесін бөлетіні жайлы өткен жылдың соңында белгілі болды. Сол кезде нарық қатысушылары қордың негізгі портфельдік активтері екі басқарушы компания арасында бөлінетінін айтқан болатын. Яғни Калви басқаратын Baring Private Equity-ке халықаралық компаниялардағы үлес қалады делінген, оның ішінде Kaspi.kz, Kolesa.kz және BlaBlaCar бар. Ал ресейлік «Восток Инвестиции» ресейлік фирмалардың акциялар пакетіне ие болу керек-тін. Ол жерде Ozon-нан басқа басты – «Солофарм» фармацевтикалық компания, SkyEng онлайн тіл үйрету мектебі, Familia сән дискаунтерлер желісі және «ВкусВилл» салауатты тамақтану дүкендері (2023 жылдан бастап кейбір азық-түліктерін Қазақстанға да әкеледі) бар.

Елена Иващенцова басшылық ететін ресейлік Baring Vostok топ-менеджмент «Восток Инвестицияға» иелік етіп, басқаратыны болжанған еді. Сонымен қатар компания шамамен 140 млн доллар болатын жалпы қарыздық міндеттемелердің бір бөлігін өз мойнына алуы керек болды (ол Baring-тің бас құрылымына тағы 150 млн доллар төлеуі керек еді). Алайда басылым жазғандай, мұндай ірі компанияның ортақ иесі ретінде басқа тұлғаларды көргісі келетін Ресей президент әкімшілігіне бұл ұнамайды. Басқа тұлғаның бірі – «Мегафон» байланыс операторының бұрынғы басшысы және Алишер Усмановтың USM холдингінің топ-менеджері Иван Таврин. Оқиғаның одан әрі өрбуінің тағы бірден-бір нұсқасы – Baring Vostok-тың активтерінің барлығын немесе ресейлік бөлігін мемлекет меншігіне беру.

Қазіргі таңда қор Ozon-ның 27,7% акциясына иелік етеді, ал 31,8%- ы МТС телеком-операторы мен «Детский мирда» мажоритарлық үлесі бар, ірі инвестхолдингті басқарып отырған Владимир Евтушенконың «Система» АФК-сы қолында. Кремльдің Baring Vostok құрылымдары арасында акционерлік келісім жасамауының бір себебі Ozon-дағы үлесін бағалау болуы мүмкін. Бұған дейін «Восток Инвестиции» ол үшін 60 мың доллар төлейді деген болатын, алайда оның нарықтық бағасы 1,37 млрд доллардан асып кетеді.

Baring Vostok активтерінің бөлінуіне Украинадағы қарулы қақтығысы пен Калвиді Ресейде қылмыстық қудалау себеп болды. 2019 жылы Калвиге қордың бір құрылымы – Бірінші коллекторлық бюросының (ПКБ) екінші басқа «Восточный» банк алдындағы қарызын өтеуіне байланысты алаяқтық жасады деген айып тағылды. Қарыз банк меншік иелерінен сатып алған қазынашылық акцияларын БКС брокерінің кипрлік құрылымына бергеннен кейін пайда болған. Кредиттік ұйым оларды қайта сатып алуға міндеттелді және бұл үшін БКБ пайдаланып, оған 2,5 млрд рубль қарыз берді. Бірнеше жыл өткеннен кейін Калви «Восточный» басшыларын қарыз орнына люксембургтік IFTG акцияларын алуға көндірген. Тергеу құнды қағаздарды 600 мың рубль деп бағалап, арасындағы айырмашылықты Калви тарапынан жасалған ұрлық деп таныды.

Инвестордың бұл талаптармен келіспей, өзінің қудалануын «Восточный» миноритарийі Артем Аветисянмен корпоративтік қақтығыстан көрді. 2021 жылы ол бес жарым жылға шартты түрде сотталып, кейін шетелге шығуға тыйым салу алынғаннан кейін Ресейден кетіп қалған.

Ozon Қазақстан нарығына 2021 жылдан бастап келді. Қазақстан– маркетплейстің тапсырыстарды беру пунктін ашқан бірінші шетел. Осы жылдың ақпан айында компания  фулфилмент-орталықтың құрылысын аяқтады. Бұл тапсырысты жеткізу мерзімін қысқарту керек.

Сондай-ақ Kaspi.kz-тің 26,13%, Kolesa.kz-тің 39,76% акциясы Baring Vostok қорына тиесілі. Шілде айында қор осы үлесін Kaspi.kz-ке сатуға келісті.

Сондай-ақ оқыңыз