Біздің облигациялар: FRHC неге 5G-желісін облигациялар есебінен күшейтпек?

Жарияланды

Тимур Турловтың авторлық бағаны / Фото: Валерий Аяпов

Бұған дейін мен Freedom Holding Corp (FRHC) ірі бизнесінің телеком-бағытын дамыту жоспарларын белгілеген болатынмын. Топтың ең маңызды жобасы, оның ішінде оған қандай ресурстар қолдау көрсететінін және неліктен тап осындай қаржыландыру форматын таңдағанымыз жайлы толығырақ ашып айтатын кез келді. 

Жаһандық нарықта байланыс операторлары мен банктер арасындағы шекараның ашылып бара жатқан тенденцияны көріп отырмыз. Бұл – синергия банктер мен брокерлік компаниялар арасында қалыптасқан синергияға ұқсас. Кез келген табысты цифрлық банк инвестициялық платформаға, ал кез келген табысты телеком банктік инфрақұрылымға айналады.

Қазақстан бизнес-бағыттың осындай синергиясын құрудың үлкен мүмкіндіктерін ұсынады. Біздің елімізде өңірлік стандарттар бойынша өмір сүру деңгейі айтарлықтай жоғары, әртараптандырылған экономика және ашық қаржы жүйесі бар халық саны өсіп келеді. Бұл – Орталық Азиядағы  инвестициялық кредит рейтингі бар жалғыз ел. Қазақстанда Freedom холдингінде 6 млн-ға жуық клиент бар экожүйе құрылды. Олар авиабилеттер, азық-түлік сатып алатын, банк және сақтандыру өнімдерін пайдаланып, біздің желіде жыл сайын 100 мыңнан астам смартфон сатып алған және тағы бізден кредит алған 300 мың клиентіміз.  

Қарқынды дамуға қарамастан, телеком Қазақстан Республикасы экономикасының жете қаржыландырылмайтын саласы болды. Нарықтағы бірқатар мәмілелер мен реформалар маңызды инвестициялық циклдардың кейбір операторлардың қолынан «сусып» кеткенін білдіреді,. Ал қазір біздің халықтың қаншалықты технологиялық тұрғыда оптимист (бөлшек сауданың 85%-ы мобильді төлемдер) және бұл салада әлі «жас» екенін ескере отырып, мобильді желілер толық емесін көреміз. Сондықтан цифрландыруға арналған бюджеттер компаниялардың, соның ішінде біз үшін күрделі шығындардың ең үлкені екенін айту керек.

Интернет қазақстандықтар үшін электр қуаты мен судан да маңыздырақ екенін жиі көреміз. Қазақстанды сапалы әрі қолжетімді интернетпен қамтамасыз ете алсақ, бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлкен үлесіміздің бірі болмақ. Жобаның  табысты болуы цифрлық теңсіздікті жоюға көмектеседі.

Байланыс саласына серпін әкелу үшін креативті шешім керек. Біз қала ішінде байланыстың оптикалық-талшықты желісін бұрынғыға қарағанда жылдам әрі арзан салуды үйрендік. Бұрын провайдерлер бір шақырым желіге 10 мың доллар шығындаған болса, біз 1-1,5 мың доллар жұмсаймыз, тіпті 700 доллар деңгейінде жасауға да қол жеткізуіміз мүмкін. Оның үстіне, бұл желінің өзі құқық қорғау органдарының қауіпсіздік жүйесіне деген қажеттілігін қанағаттандыра отырып, ақша ағынын жасайды.

«Оптика» – операторлар мен базалық станцияларды байланыстыратын дүние. Біз жаңа технологиялар есебінен басқа инфрақұрылымды да тезірек және арзан сала алатынымызға сенімдіміз, сондай-ақ біздің желіміз бәсекелестеріміздің желісіне қарағанда өзін тез ақтайды деп ойлаймыз. FRHC мәліметтерді өңдеу орталықтарына (МӨО) инвестиция салуға ниетті, олар да деректер көлемінің экспоненциалды өсу фонында жақсы нәтиже береді.

Тап осы уақытта синергия туралы айтса болады. Телеком-оператордың клиентті тартуы 15-20 доллар, ал банкке 100-150 доллар керек болады. Бұл ретте оператор клиенттің барлық қолданған уақытында 150 долларға жуық пайда табады. Бұл біздің экожүйе клиенттері үшін бір кезде байланыс мүлде тегін болуы мүмкін деген сөз. Бірақ та біздің телеком маркетингіне салатын шығындарымызды қайта қарауды қажет етеді.

Біздің жоспарымызды қалай іске асыруға болады? Ең бірінші, бізге клиенттеріміздің қолдауы керек. Осы уақытқа дейін салғандарымыздың бәрін бай инвесторлар не болмаса біреудің қолдауымен істеген жоқпыз, біздің негізгі күшіміз болып отырған клиенттер арқасында жүзеге асырдық.

Жобаның бірінші бөлігі – Қазақстанның барлық аумағы бойынша магистралды «оптика» (80 мың шақырым желі), МӨО, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкентте  5G желісін салу, радиожиілік спектріне арналған лицензияны сатып алуға 200 млн доллар керек. 7 млрд доллардан астам балансы мен 1 млрд долларға жуықтап қалған капиталы бар компания үшін бұл көп емес. Біз қазір 800 млн долларға жуық болып тұрған компания тобының бөлінбеген таза пайдасынан қаражат ала аламыз. Алайда бұл холдингтің қарқынды дамып жатқан басқа бағыттарын, яғни банк, сақтандыру компаниялары, брокерлерден ресурстарды алып қоюға әкеледі. Ең ақырында өсу қарқынының баяулауына тап болуымыз мүмкін. Ал бұл FRHC қағаздары құнына әсер етіп, көбісі біздің клиенттеріміз бен серіктестеріміз болып отырған акционерлеріміздің көңілін қалдырар еді. Бұл жерде тез әрі win-win бойынша жұмыс істеу керек.

Сондықтан біз акционерлерімізге, серіктестерімізге және клиенттерімізге қазіргі жағдайда ең тиімді қаржыландыру форматын – FRHC-тің 100% еншілес ұйымы – Freedom Finance SPC шығаратын облигациялық қарызды ұсынамыз. Бұл біздің клиенттеріміздің салған инвестициясына деген сенімділікті қамтамасыз етеді, өйткені міндеттемелердің орындалуына холдингтің өзі кепілдік береді. Облигациялар біздің клиенттерге қолжетімді болады: номиналды құны 100 доллар және сатып алудың ең аз сомасы 1000 доллар, мұндай инвестиция клиенттеріміздің басым көпшілігі үшін қолжетімді болады. Бүгінгі таңда – эмиссия аңдатпасы қор нарығында әлі келісіліп жатқанына, орналастырудың өзі 20 желтоқсаннан кешіктірілмей өтуі тиіс екеніне қарамастан – бізде бағалы қағаздарға деген сұраныс ұсыныстан асып түсетініне сеніміміз бар екені де мұны растайды. Егер де тіпті барлығы біз ойлағандай іске аспаса да, холдингтің клиенттер алдындағы міндеттемелерін орындауға күші жетеді. Дегенмен қол жеткізген табыстарымызға қарап, бұл жобаның бізге де, клиенттерімізге де пайда әкелетініне сенімдіміз.

Облигация өтімді болуы керек: осы қазақстандық облигация Astana International Exchange биржасында орналасатын болады, онда ұстаушы оны кез келген сауда күні сата алады. Алғашқы екі жылда облигациялар бойынша купондық мөлшерлеме ай сайынғы купонмен 12% деңгейінде бекітілетіні, бұл қағазға деген қызығушылықты одан әрі арттыра түседі. Айналымның екінші жылынан кейін купон мөлшерлемесі Effective US Federal Funds Rate +6,5% формуласы бойынша есептелетін болады. Бұл инвесторларымыз үшін әділ сыйақы болады деп ойлаймыз. .

Келесі жылдың ортасында біз алғашқы 5G пилоттық жобаларын іске қосып, негізгі желі мен МӨО-ны алуды жоспарлап отырмыз. Алдағы 2028 жылға дейін бүкіл ел бойынша қамтуға инвестиция салуды ескере отырып, нарықта 25–30% үлеспен Қазақстандағы төртінші ұялы байланыс операторы боламыз.

Біздің жобаның нәтижесі бойынша Қазақстан мобильді интернет пен бекітілген қолжетімді интернет сапасы бойынша көшбасшыға айналады. Соның ішінде Freedom өнімдерінің арқасында цифрлық банкинг бойынша көптеген дамыған елді басып оздық. Қазақстан мемлекеттік цифрлық қызметтердің сапасы бойынша алдыңғы қатарда. Телеком саласында да алдыңғы қатардан көрінуге шамамыз жетеді.

Сондай-ақ оқыңыз