Шығын көп: Астананың қоғамдық көлігіндегі жолақысы өзіндік құнынан 5 есе арзан

Жарияланды
«Жаңалықтар» бөлімінің арнайы тілшісі
shutterstock

Астанада электр автобустарымен бір жолаушы тасымалдаудың өзіндік құны – 480 теңге. Елорда әкімдігінің хабарлауынша, бұл қазіргі 90 теңге жолақысынан 5,33 есе жоғары.

«Дизельмен жүретін автобустарда бір жолаушы тасымалдау құны 300 теңгені, электробустарда 480 теңгені құрайды», – деп хабарлайды Астана қаласы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Қазақстанда өндірілетін бүкіл электр энергияның шамамен үштен екісі көмірден алынады. Оның еліміздегі дәлелденген қоры 200 жылға дейін жетеді. Қаңтар-қыркүйек айларында жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) бүкіл электр энергиясының 6%-ын ғана (5,97%) өндірді. Қазіргі жағдайда қоғамдық көлікті электр энергиясына көшіру – парник газ көліктен көшеде шықпаса да, электр станцияларынан одан әрі көптеп бөлінуге әкеледі. Қазақстан тек 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздері үлесін 15 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр.

Автобус парктерін субсидиялауға Астана бюджетінен жылына шамамен 30 млрд теңге бөлінеді. Басқарма мамандары кейінгі бір жылда дизель отын мен қосалқы бөлшектердің құны 50%-дан астамға өскенін атап өтті.

Елорда әкімдігіне қарасты City Transportation Systems (CTS) компаниясы Курсивке автобус жүргізушілерінің жалақысы былтырмен салыстырғанда 56 пайызға, ал дизель отынының құнын 20 пайызға өскенін айтты. Сондай-ақ олар әрбір бесінші жолаушы жол жүру ақысын төлемейтініне назар аударды.

Елордадағы 1345 автобустың 1-1,1 мыңы күнделікті жолға шығады. Басқарма қала халқы санының артуы және құрылыстың көптеп салынуы салдарынан қоғамдық көліктің жетіспетінін айтады. Осы мәселені шешу үшін әкімдік биыл 400 автобус сатып алған, оның 200-ден астамы жүріп тұр. Жолға шығатын автобустардың біразы электрмен жүреді, бірақ қоғамдық көліктің басым бөлігі дизель отынымен жүреді. Елордада автобустардағы жол жүру ақысы 2012 жылдан бері өзгерген жоқ және 90 теңгені құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз