Астанада боран, көктайғақ: қалаға кіретін жолдар жабылып, мектептер қашықтан оқытуға көшірілді

Жарияланды
непогода
Фото: Астана әкімдігі

Астанада ауа райы нашарлап, салдарынан қала маңына қатынайтын бірнеше бағдар бойынша көлік қозғалысына шектеулер қойылды.

«Ауа райының нашарлауына (жауын, көктайғақ, қатты жел) және жолдардың жабылуына байланысты қала маңына қатынайтын барлық бағдардың қозғалысы уақытша тоқтатылды», – делінген баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, республикалық маңызы бар Астана-Петропавл автожолы, «Астана – Щучинск» учаскесі бойынша жол жабылған. Сонымен бірге Астана-Ерейментау-Шидерты автожолы, «Астана – Павлодар облысы шекарасы» учаскесі мен республикалық маңызы бар Астана-Қорғалжын трассасының бір бөлігі барлық автокөлік түріне жабық.

Қала әкімдігі Астанада ауа райы нашарлауына байланысты көлік ағындары мен қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы төмендеп, автобус бағдарларының кешігетінін, қала ішіндегі кейбір көшелермен қоғамдық көліктің жүруі қиындайтынын ескерткен.

Осыған орай қала әкімдігі тұрғындарды және барлық жол қозғалысына қатысушыны жолда мұқият болуға және бағдарларды алдын ала жоспарлауға шақырды.

Сонымен бірге ауа райына байланысты туындаған қолайсыздықтарға байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқытуға көшірілген.

«2023 жылғы 5 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары, колледждерде (1-2 курс) студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстыралады», – делінген әкімдік хабарламасында.

Бұл қолайсыздықтарды жою үшін Астана коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеген. Жолдарға топырақ аралас тұз себіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз