Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев желтоқсан айының соңында Санкт-Петербургте өтетін ЕАЭО және ТМД саммитінде жолығады. Бұл жайлы Ресей президенті хабарлады.
«Біздің Астанаға сапарымыз екіжақты қарым-қатынастардың барлық саласы бойынша дамуына маңызды серпін берді. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты айдың соңында Санкт-Петербургте ЕурАзЭҚ және ТМД елдері басшыларының дәстүрлі кездесуінде тағы көремін», – деді Ресей басшысы Кремльде өткен жиында.
Путин екі елдің өзара іс-қимылы ЕАЭО, ТМД және басқа да халықаралық платформалар аясында дамитынын атап өтті. Сонымен бірге Ресейдің Қазақстанның келесі жылы ШЫҰ-ға төрағалық етуі кезінде кепілдік берілген қауіпсіздік туралы шартты ұйымдастыруына қатысты міндеттемелерді орындауға тырысатынын жеткізген.
Ал кеше Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Путинге өз кітабын тарту етті. Экс-президенттің өмірі туралы туындыны Путиннің баспасөз хатшысы Дмиртий Песковке Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай табыстаған.
«Менің өмірім жайлы, үлкен сынақтар, шығармашылық жұмыстар мен ауқымды жетістіктер туралы кітапты сыйға алыңыз. Бұл кітап мейірімді және шыншыл сырласыңыз болады деп үміттенемін», – делінген кітапқа жазылған қолтаңбада.
Еске сала кетсек, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз өмірі жайлы кітабын жарыққа шығарды. Қазақ тілінде 7 500, орыс тілінде 7 500 данамен жарық көрген кітап «Фолиант» баспасынан шыққан. «Менің өмірім: Бодандықтан – бостандыққа» кітабы қазіргі таңда «Меломан» және «Алматы кітап» дүкендер желісінде сатылып жатыр.