Фото: kursiv.media
Банк ЦентрКредит қазақстандық нарық үшін бірегей индекстік пайыздық своп мәмілесі аяқталғанын хабарлады. Тиісті хабарлама Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланған.
Банктің контрагенті – Еуропалық қайта құру және даму банкі. Бұл жерде әңгіме overnight index swap (OIS) жайлы болып отыр. OIS – овернайт мөлшерлемесі белгіленген пайыздық мөлшерлемеге айырбасталатын своп.
Мұндай мәміле қос тарап арасындағы ортақ базалық сомаға байланысты төлемдерді айырбастау үшін қолданылады: біреуі осы сома бойынша тіркелген мөлшерлеме, екіншісі, белгілі бір көрсеткішке байланысты өзгермелі мөлшерлеме төлейді.
Пайыздық мөлшерлеменің свопы арқылы қос арап өздері таңдаған мөлшерлеме контрагенттікінен төмен болады деп үміттеніп, міндеттемелерге қызмет көрсету бойынша өз шығынын оңтайландыруға тырысады.
Овернайт индексінің мөлшерлемесі ретінде TONIA ақша нарығының бенчмаркі пайдаланылды, ал овернайт мөлшерлемесін күнделікті капиталдандыру (есептеу) мақсатында биржада әрбір жұмыс күні жарияланатын TCI индикаторы (TONIA Compounded Index) пайдаланылды.
Банк ЦентрКредит тіркелген мөлшерлеменің мөлшері және мәміленің басқа шарттарын ашпаған. ЕҚДБ, өз кезегінде, мәміле қазақстандық банктер мен инвесторларға пайыздық тәуекелді жақсы басқару және республиканың қаржы нарығын дамытуға үлес қосуға мүмкіндік беретінін атап өткен. Банк сондай-ақ мұндай транзакциялар TONIA-ның нарықтық эталон ретіндегі рөлін нығайтып, теңгелей несие беру мен своптарды ынталандырады деп болжайды.
Бұған дейін банк нарықтан 200 млмн доллар қарыз тартатынын хабарлады.